Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 сәуір N 431. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.21. N 846 қаулысымен. ~P010846

      Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің заңсыз өндірілуі мен айналымын болдырмау, акцизделетін тауарларды акциздік алым таңбаларымен таңбалаудың тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 және 2-қосымшаларға сәйкес акцизделетін тауарларды голографиялық жолағы бар акциздік алым таңбаларымен міндетті таңбалау енгізілсін.
      2. Темекі бұйымдарын 1997 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен таңбалау сақталсын.
      2-1. 2001 жылдың 1 наурызынан бастап "Қазақстан" және "Медеу" деп аталатын отандық темекі бұйымдарын сату 1997 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен ғана жүзеге асырылатын болып белгіленсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.24. N 1759
               қаулысымен. P001759_
      3. Таңбалауға жататын отандық және импорттық өндірістегі акцизделетін тауарларды (1 және 2-қосымшаларға сәйкес) сату 1999 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен ғана:
      1) акцизделетін тауарларды өндірушілерге - 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап;
      2) отандық өндiрiстегi акцизделетін тауарларды сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға - 1999 жылдың 1 тамызынан бастап жүзеге асырылады деп белгіленсін. <*>
      3) импорттық өндiрiстiң акцизделетiн тауарларын сақтау мен сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға - 1999 жылдың 15 желтоқсанынан бастап жүзеге асырылады деп белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.25. N 848
               қаулысымен. P990848_
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.18. N 1190 қаулысымен. P991190_

      4. Акцизделетін тауарларды таңбалауды отандық тауар өндірушілер мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгіленсін.
      5. Міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төлеу акциздік алым таңбаларын сатып алу сәтінде импортталатын таңбаланған акцизделетін тауарларды кедендік рәсімдеуді жүргізетін кеден органына жасалады деп белгіленсін.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасымен 1 және 2-қосымшаларға сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалау үшін голографиялық жолағы бар акциздік алым таңбаларын дайындауға, сондай-ақ 3-қосымшаға сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалау үшін акциздік алым таңбаларын дайындауға шарт жасассын;
      өндірушілер мен импорттаушылардан импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша келісімшарттардың міндетті есебін жүргізе отырып, 1999 жылға акциздік алым таңбаларын сатып алуға арналған өтінімдерді жинауды қамтамасыз етсін;
      акцизделетін тауарлардың акциздік алым таңбаларын сақтау және тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігін қаржыландыру сметасында көзделген қаражаттың есебінен жүргізсін;
      бір ай мерзім ішінде Алкогольді өнімді голографиялық жолағы бар акциздік алым таңбаларымен таңбалаудың тәртібін әзірлесін және бекітсін.
      7. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен есептесу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы қолданатын голографиялық жолағы бар акциздік алым таңбаларына баға қолданудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етсін.
      8. Голографиялық жолағы бар акциздiк алым таңбаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнiмдерiн өндiрушiлер мен импорттаушылар 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тiзбе бойынша алкоголь өнiмдерiн түгендеудi:
      1) өндiрушiлер - 1999 жылғы 1 шiлдеге;
      2) импорттаушылар және/немесе импорттық өндiрiстiң алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын тұлғалар 1999 жылғы 15 қазанға жүргізсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.18. N 1190
               қаулысымен. P991190_

      9. Түгендеудің жүргізу күніне акцизделетін тауарлар (темекі бұйымдарын қоспағанда) таңбаланған 1997 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларының құны (олар бойынша төленген қосымша құнға салықты қоспағанда), сондай-ақ түгендеу жүргізілетін күні қалдықта болған 1997 жылғы үлгідегі пайдаланылмаған акциздік алым таңбаларының құны отандық тауар өндірушілер мен импорттаушылардың өндірісі мен айналымының шығындарына жатқызуға жатады.
      10. Акциздік алым таңбаларын дайындаудың құны өндіріс пен айналымның шығындарына жатқызуға жатады.
      11. Акциздік алым таңбаларымен міндетті таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды әкелу мен сатудың тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі акциздік алым маркаларымен міндетті түрде таңбалауды енгізу туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 P961749_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 518-құжат) және "Акциздік алым

маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін 
тауарлар бойынша акциздер төлеу туралы" 1998 жылғы 2 желтоқсандағы 
N 1224  

P981224_

  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 45, 403-құжат) 
қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
     13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялауға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
            
                                          Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                         1999 жылғы 13 сәуірдегі
                                             N 431 қаулысына
                                                1-қосымша
     
     Голографиялық жолағы бар акциздік алым таңбаларымен
     таңбалауға жататын отандық акцизделетін тауарлардың
                      Тізбесі
     
     1. Арақ
     2. Ликер-арақ бұйымдары
     3. Күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар және бальзамдар
     4. Шараптар
     5. Коньяктар
     6. Шампан шараптары
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          1999 жылғы 19 сәуірдегі
                                             N 431 қаулысына
                                                2-қосымша
     
     Голографиялық жолағы бар акциздік алым таңбаларымен таңбалауға
            жататын импортталатын акцизделетін тауарлардың
                            Тізбесі
 __________________________________________________________________________
|   Сыртқы экономикалық                |   Тауардың атауы                  
|    қызметтің тауар                   |                                   
|  номенклатурасының коды              |                                   
 ______________________________________|___________________________________
|2204 (220430-дан басқа), 2205,        |Шараптар, шампан шараптары         
|220600-ден*                           |                                   
|______________________________________|___________________________________
|2207, 2208 - ден*                     |Арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшей. 
|                                      |тілген сусындар, күшейтілген шырын.
|                                      |дар, бальзамдар, коньяктар         
|______________________________________|___________________________________
      Ескертпе. Тауарлардың номенклатурасы кодпен де, тауарлардың 
                атауымен де айқындалады.
     
          
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінің
                                        1999 жылғы 19 сәуірдегі
                                           N 431 қаулысына
                                              3-қосымша
     ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1040  
              қаулысымен.  

P001040_

 
 
     
     1997 жылғы үлгідегі акциздеу алым таңбаларымен таңбалауға
      жататын отандық және импортталатын темекі бұйымдарының
                            Тізбесі
     
     1. Отандық темекі бұйымдары (фильтрсіз сигареттер мен папиростарды 
        қоспағанда)
<*>

     2. Импортталатын темекі бұйымдары
     
     2402            Темекі бұйымдары,
                    құрамында темекі бар басқа да бұйымдар
     
     
     
   Оқығандар:      
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.         
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады