Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Батыс Қазақстандағы жол торабын қайта жаңартуды (бұдан әрі - жоба) қаржыландыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен 16 539 000 000 (он алты миллиард бес жүз отыз тоғыз миллион) жапон иенасынан аспайтын сомаға заем туралы келісім (шарт) жасасу нысанында Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің (бұдан әрі - Кредитор) заемын тарту жолымен үкіметтік қарыз алу жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тілеухан Самарханұлы Қабдірахмановқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Кредитормен заем туралы келісім жасасуға уәкілеттік берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бірлесіп жобаны қаржыландыру мәселелері бойынша Кредитормен келіссөздер жүргізсін;
тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражаттың есебінен тартылатын заемға қызмет көрсетуді және оны өтеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жобаға
экономикалық сараптама жүргізсін және Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне тиісті қорытындыны ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі
тартылатын заем қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз
етсін.
6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заем туралы келісім
жасалғаннан кейін тиісті заңи қорытындыны (Legal opinion) ресімдесін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Орынбекова Д.Қ.
Қобдалиева Н.М.