Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қарағанды облысы әкімінің көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйлерінде, интернат мекемелерінде тәрбиеленушілер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - оқу озаттары, белсенді және дарынды балалар үшін 2000 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды қаласында Президенттік жаңа жыл шыршасын өткізу жөніндегі ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Президенттік жаңа жыл шыршасын әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) Президенттік жаңа жыл шыршасын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Президенттік жаңа жыл шыршасына көп балалы отбасыларының балаларынан, балалар үйлерінің, интернат мекемелерінің тәрбиеленушілерінен және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардан жасы 9-дан 13-ке дейінгі оқу озаттарының, белсенді және дарынды балалардың санын қосымшаға сәйкес жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне алып жүрушілердің іссапарлық шығыстарын, балалардың екі жаққа жол жүру және жолда тамақтану ақысын төлеуді тиісті жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүргізу ұсынылсын.
5. Президенттік жаңа жыл шыршасын өткізу жөніндегі шығыстарды, оны орындауға жауапты тиісті мемлекеттік мекеме-әкімшілер бағдарламаларының 2000 жылға арналған бюджетте көзделген қаражаты есебінен және шегінде қаржыландыру белгіленсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
27 қарашадағы
N 1764 қаулысымен
бекітілген
Президенттік жаңа жыл шыршасын әзірлеу және
өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
Құрамы
Көшербаев - Қазақстан Республикасының
Қырымбек Елеуұлы Білім және ғылым министрі,
төраға
Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Қаржы министрі,
төрағаның орынбасары
Мұқамеджанов - Қарағанды облысының әкімі,
Камалтин Ескендірұлы төрағаның орынбасары
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Соппекова - Қазақстан Республикасының
Сәуле Байболқызы Премьер-Министрі Кеңсесі
Аймақтық даму және әлеуметтік
сала бөлімі меңгерушісінің
орынбасары
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім вице-министрі
Бекметов - Қарағанды облыстық білім
Евгений Петрович департаментінің бастығы
Бозымбаев - Қазақстан Республикасының
Қанат Алдабергенұлы Энергетика, индустрия және
сауда вице-министрі
Досқалиев - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Жұмабекова - Қазақстан Республикасының
Рысты Мағауияқызы Білім және ғылым министрлігі
Жалпы орта білім
департаментінің директоры
Исақов - "Қазақстан теледидары мен
Орынбасар Исақұлы радиосы" республикалық
корпорациясының вице-президенті
(келісім бойынша)
Қасейінов - Қазақстан Республикасы
Дүйсен Қорабайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі
Мәдениет комитетінің төрағасы
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Әбілғазы Қалиақпарұлы Көлік және коммуникациялар
вице-министрі
Отто - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович Ішкі істер вице-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
27 қарашадағы
N 1764 қаулысымен
бекітілген
Президенттік жаңа жыл
шыршасын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралар
Жоспары
_________________________________________________________________________
N ! №Іс-шаралар ! Орындалу ! Жауаптылар
! ! мерзімі !
_________________________________________________________________________
1. Президенттік жаңа жыл шыршасы. 11 желтоқ. Қазақстан Республикасының
ны қатысушы балаларды (бұдан санға Білім және ғылым министрлігі
әрі - балалар) және алып дейін
жүрушілерді іріктеуді
ұйымдастыру
_________________________________________________________________________
2. Көлік түрін анықтау және 4 желтоқ. Облыстардың, Астана, Алматы
Қазақстан Республикасының санға қалаларының әкімдері,
Білім және ғылым министр. дейін Қазақстан Республикасының
лігіне балалардың келу және Білім және ғылым
қайту кестесін жіберу министрлігі
_________________________________________________________________________
3. Балаларды және алып жүруші. 20-26 Облыстардың, Астана, Алматы
лерді жөнелтуді, олардың желтоқсан қалаларының әкімдері
екі жаққа жол жүру, жолда
тамақтану ақысын төлеуді,
сондай-ақ қайтқанда күтіп
алуды қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
4. Балалар, алып жүрушілер 18 желтоқ. Қазақстан Республикасының
үшін вагондарда орындарды санға Көлік және коммуникациялар
анықтау және оларды тұрған дейін министрлігі
жерлерінен Қарағанды қаласына
дейін және кері жеткізу
тәсімін жасау
_________________________________________________________________________
5. Балаларды тасымалдауды 4 желтоқ. Қазақстан Республикасының
ұйымдастыратын үйлестіру. санға Көлік және коммуникациялар
шілерді тағайындау және бар. дейін министрлігі
лық мүдделі министрліктерге
олардың байланыс телефондары.
ның нөмерлерін хабарлау
_________________________________________________________________________
6. Балаларды тұратын жерлері. 20-26 Қазақстан Республикасының
нен темір жол көлігімен желтоқсан Ішкі істер министрлігі
Қарағанды қаласына дейін
және қайтар жолда ішкі істер
органдары қызметкерлерінің
алып жүруін ұйымдастыру
_________________________________________________________________________
7. Балалар тұратын және іс- 20-26 Қазақстан Республикасының
шаралар өткізілетін орын. желтоқсан Ішкі істер министрлігі
дарда қоғамдық тәртіптің
сақталуын, сондай-ақ оларды
Қарағанды қаласында жүрген
кезде ішкі істер органдары
қызметкерлерінің алып жүруін
қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
8. Президенттік жаңа жыл шырша. 11 желтоқ. Қазақстан Республикасының
сын әзірлеу және өткізу үшін санға Энергетика, индустрия және
сыйлықтарды, кәдесыйларды дейін сауда министрлігі
және қажетті материалдарды
сатып алуға көмек көрсету
_________________________________________________________________________
9. Балаларға сыйлықтарды сатып 11 желтоқ. Қазақстан Республикасының
алу және топтау сан Білім және ғылым
министрлігі,
Қарағанды облысының әкімі
_________________________________________________________________________
10. Президенттік жаңа жыл шыр. желтоқсан Қазақстан Республикасының
шасын әзірлеу және өткізуге Мәдениет, ақпарат және
Қарағанды облысының мәдениет қоғамдық келісім министрлігі
қызметкерлері мен шығармашы.
лық ұжымдарының қатысуын
қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
11. Президенттік жаңа жыл шыр. желтоқсан Қазақстан Республикасының
шасын әзірлеу және өткізу Мәдениет, ақпарат және
барысын бұқаралық ақпарат қоғамдық келісім министрлігі
құралдарында көрсетуді
қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
12. Президенттік жаңа жыл шыр. 23 желтоқ. "Қазақстан теледидары мен
шасын теледидарға түсіруді сан радиосы" республикалық
ұйымдастыру корпорациясы (келісім
бойынша)
_________________________________________________________________________
13. Президенттік жаңа жыл шыр. желтоқсан "Қазақстан теледидары мен
шасын әзірлеу және өткізу радиосы" республикалық
барысында қажетті корпорациясы (келісім
фонограммалар жазуға көмек бойынша)
көрсету
_________________________________________________________________________
14. Президенттік жаңа жыл шыр. 21-25 Қарағанды облысының әкімі
шасына қатысушыларды қарсы желтоқсан
алуды, орналастыруды, тұру.
ын, тамақтандыруды, шығарып
салуды қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
15. Президенттік шырша өтетін 22 желтоқ. Қарағанды облысының әкімі
жерді, оны орнатуды, сон. санға
дай-ақ Қарағанды қаласының дейін
тиісті көшелерін безендіруді
қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
16. Президенттік жаңа жыл шыр. 11 желтоқ. Қазақстан Республикасының
шасын өткізу сценарийін санға Білім және ғылым
дайындау дейін министрлігі
Қарағанды облысының әкімі
_________________________________________________________________________
17. Балалардың Қарағанды қала. 11 желтоқ. Қазақстан Республикасының
сында болуының күнтізбелік санға Білім және ғылым
жоспары мен бағдарламасын дейін министрлігі,
жасау Қарағанды облысының әкімі
_________________________________________________________________________
18. Шақыру билеттерін, бағдар. 11 желтоқ. Қазақстан Республикасының
ламаларды, рұқсат қағазда. санға Білім және ғылым
рын, бейдждер мен басқа да дейін министрлігі,
баспа өнімдерін дайындауды Қарағанды облысының әкімі
қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
19. Әртістер үшін сценарийге 15 желтоқ. Қазақстан Республикасының
сәйкес костюмдер дайындау санға Білім және ғылым
дейін министрлігі,
Қарағанды облысының әкімі
_________________________________________________________________________
20. Мереке өтетін жерлердің 22 желтоқ. Қарағанды облысының әкімі
декоративтік, жарықтық, санға
дыбыстық және музыкалық дейін
көркемделуін қамтамасыз
ету
_________________________________________________________________________
21. Жаңа жылдық торт дайындауды, 23 желтоқ. Қарағанды облысының әкімі
тәтті дастархан ұйымдастыру. сан
ды қамтамасыз ету
_________________________________________________________________________
22. Балалардың Қарағанды облы. 21-25 Қазақстан Республикасының
сында болатын барлық кезеңі желтоқсан Білім және ғылым
не арналған мәдени-спорттық министрлігі,
бағдарлама дайындау және Қарағанды облысының әкімі
өткізу
_________________________________________________________________________
23. Балаларды алдын ала кешенді 21-25 Қазақстан Республикасының
медициналық тексеруді қамта. желтоқсан Денсаулық сақтау істері
масыз ету және тұратын, іс- жөніндегі агенттігі,
шаралар өтетін жерлерде Қарағанды облысының әкімі
медицина қызметкерлерінің
тәуліктік кезекшілігін
ұйымдастыру
_________________________________________________________________________
24. Балаларды тұратын жерлері. 20-26 Қазақстан Республикасының
нен Қарағанды қаласына желтоқсан Денсаулық сақтау істері
дейін және кері қайтар жөніндегі агенттігі
жолда темір жол көлігінде
денсаулық сақтау қызметкер.
лерінің алып жүруін
ұйымдастыру
_________________________________________________________________________
25. Президенттік жаңа жыл шыр. 18 желтоқ. Қазақстан Республикасы
шасын әзірлеу және өткізу санға Президенттің Баспасөз
барысын көрсететін бұқара. дейін қызметі (келісім бойынша)
лық ақпарат құралдары
қызметкерлерінің тізімін
белгілеу
_________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
27 қарашадағы
N 1764 қаулысына
қосымша
Президенттік жаңа жыл шыршасына қатысушылардың
сандық құрамы
Барлық қатысушылар - 222
оның ішінде балалар - 200
алып жүрушілер - 22
_________________________________________________________________
Облыстардың, !Балалардың ! Алып ! Барлық
қалалардың, ұйымдардың! саны !жүрушілердің !қатысушылар
аты ! ! саны !
_________________________________________________________________
Ақмола 10 1 11
_________________________________________________________________
Ақтөбе 10 1 11
_________________________________________________________________
Алматы 15 2 17
_________________________________________________________________
Атырау 10 1 11
_________________________________________________________________
Шығыс Қазақстан 15 2 17
_________________________________________________________________
Жамбыл 15 2 17
_________________________________________________________________
Батыс Қазақстан 10 1 11
_________________________________________________________________
Қарағанды 15 2 17
_________________________________________________________________
Қызылорда 10 1 11
_________________________________________________________________
Қостанай 10 1 11
_________________________________________________________________
Маңғыстау 10 1 11
_________________________________________________________________
Павлодар 10 1 11
_________________________________________________________________
Солтүстік Қазақстан 10 1 11
_________________________________________________________________
Оңтүстік Қазақстан 20 2 22
_________________________________________________________________
Астана қаласы 10 1 11
_________________________________________________________________
Алматы қаласы 10 1 11
_________________________________________________________________
Республикалық ұйымдар 10 1 11
_________________________________________________________________
Барлығы 200 22 222
_________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.