"Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" және "Атырау бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 қараша N 1792

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті "Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорындар) қатысты уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Кәсіпорындардың заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың:
      1) "Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" және "Атырау бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын Атырау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 739 P990739_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 252-құжат);
      2) "Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" және "Атырау бекіре балығын өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 909 P980909_ қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 33, 295-құжат) 2 және 5 тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 P000198_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат):
      көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
      "Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

О Республиканских государственных казенных предприятиях "Урало-Атырауский осетровый рыбоводный завод" и "Атырауский осетровый рыбоводный завод"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2000 года N 1792.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Определить уполномоченным органом государственного управления, а также органом, осуществляющим по отношению к Республиканскому государственному казенному предприятию на праве оперативного управления "Урало-Атырауский осетровый рыбоводный завод" и Республиканскому государственному казенному предприятию на праве оперативного управления "Атырауский осетровый рыбоводный завод" (далее - Предприятия) функции субъекта права государственной собственности, Комитет лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан.

      2. Комитету лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить государственную перерегистрацию Предприятий и принять иные необходимые меры по реализации настоящего постановления.

      3. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 1999 года N 739 P990739_ "О передаче Республиканских государственных казенных предприятий "Урало-Атырауский осетровый рыбоводный завод" и "Атырауский осетровый рыбоводный завод" в коммунальную собственность Атырауской области" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 27, ст. 252);

      2) пункты 2 и 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 1998 года N 909 P980909_ "О создании Республиканских государственных казенных предприятий на праве оперативного управления "Урало-Атырауский осетровый рыбоводный завод" и "Атырауский осетровый рыбоводный завод" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 33, ст. 295).

      4. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:

      1) утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796;

      2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2000 года N 198 P000198_ "Вопросы Комитета лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан и отдельных организаций, находящихся в его ведении" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 5-6, ст. 74):

      приложение 2 к указанному постановлению дополнить строками следующего содержания:

      

      "Республиканское государственное казенное предприятие

      "Урало-Атырауский осетровый рыбоводный завод

      Республиканское государственное казенное предприятие "Атырауский

      осетровый рыбоводный завод".

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

      (Специалисты: Склярова И.В.,

       Мартина Н.А.)