"Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" және "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 16 қыркүйек N 909

      Атырау облысында екі бекіре балық өсіру зауытының пайдалануға қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылсын.
      2. <*>
      Ескерту. 2- тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.30. N 1792 қаулысымен
      3. Уәкілетті мемлекеттік басқару органы бір айлық мерзім ішінде "Орал- Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысын бекітсін және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның негізгі міндеттері жас бекіре балықтар түрлерін өсіру және олармен Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарын балықтандыру болып белгіленсін.
     5. <*>
     Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.30. N 1792 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады