Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту және экономикасы тоқыраған ауданға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Жамбыл облысының әкіміне Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылындағы аурухана кешенінің құрылысын
аяқтауға және кредиторлық берешекті өтеуге 67 000 000 (алпыс жеті миллион)
теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.