"Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ) КАТЭП және бельгиялық "СИНАТОМ С.А." ядролық отын жөніндегі компаниясы арасындағы 1995 жылғы 20 шілдедегі келісімнің шарттарына сәйкес табиғи уранның шала тотық-тотық түріндегі (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) 1 296 062 кг U мөлшердегі уран концентратының Қазақстан Республикасынан экспортына рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ-на осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уран өнімінің экспортына лицензиялар берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Z952368_ заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уран өнімінің кедендік бақылануы мен ресімделуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетіне осы қаулының
орындалуын бақылау жүктелсін.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 20 қазандағы
N 401-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.