Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 желтоқсан N 1903

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ақтөбе облысының әкіміне Ойыл ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін суағар салуға 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 10(он) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

 

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Ақтөбе облысының әкімі 2000 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан

Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі

мен Қаржы министрлігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп

берсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2000 года N 1903

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Выделить из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2000 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные непредвиденные расходы, акиму Актюбинской области 10 (десять) миллионов тенге на строительство водовода для обеспечения питьевой водой населения села Уил.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за

 

целевым использованием выделенных средств.

     3. Акиму Актюбинской области по итогам 2000 года представить

Министерству природных ресурсов и охраны окружающей среды и Министерству  

финансов Республики Казахстан отчет об объемах и стоимости выполненных

работ.

     4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Первый заместитель

     Премьер-Министра

     Республики Казахстан


(Специалисты: Склярова И.В.,

              Умбетова А.М.)