Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақтөбе облысының әкіміне Ойыл ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін суағар салуға 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 10(он) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысының әкімі 2000 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан
Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі
мен Қаржы министрлігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп
берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.