Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 77 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.

      Шағын кәсiпкерлiктi экономиканың өндiрiс, инновация және басқа салаларында одан әрi тұрақты түрде дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауының 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзiрлесiн. 
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 2001 жылғы  
19 қаңтардағы      
N 77 қаулысымен     
мақұлданған       

Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту
мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

КIРIСПЕ

      Нарықтық экономикалы елдерде кәсiпкерлiктi дамыту мiндетi мемлекеттiк деңгейде қойылмағаны белгiлi, өйткенi ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен құрылды. Ал Қазақстанда экономиканың бұл секторы iс жүзiнде санаулы жылдар iшiнде ғана қалыптасты. 
      Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын  K941727_   U984189_ іске асыру 1992 жылдан 2000 жылға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң құрылу және қалыптасу негiздерiн қалады. 
      Шағын кәсiпкерлiк экономикасының жинақтылығы салыстырмалы аздаған инвестициялар мен тәуекел жағдайында аса қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте, тауар айналымы саласында орын алып келген ахуалды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi. 
      Шағын кәсiпкерлiктiң дамуына соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы"  U973398_ 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы"  U983928_ 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 жарлықтары күштi серпiн бердi. 
      "Қазақстан - 2030"  K972030_ стратегиясы шағын кәсiпкерлiктiң белсендi дамуы және экономиканың әр түрлi салаларында оның үлес салмағының артуы үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейдi.

ШАҒЫН БИЗНЕС ДАМУЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙIН ТАЛДАУ

      Реформалардың бастапқы кезеңiнде заңнама түрiнде ұсынылған мемлекеттiк қолдау шаралары бүгiнде өз нәтижелерiн беруде. Шағын кәсiпкерлiк саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткiштер экономиканың осы секторында қалыптасып келе жатқан оң үрдiстер туралы айғақтайды. 
      Пайда көлемi, жұмыскерлер кiрiстерiнiң деңгейi, салық түсiмдерi iрi өндiрiспен салыстырғанда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоғары әлеуеттi мүмкiндiктерi туралы айғақтайды. Iрi ұйымдардың жоғары технологияларға арналған жаңалықтарды қабылдауы кемiп отырған кезде, ғылымды көп қажет ететiн өнiмдер шығаратын шағын және орта ұйымдардың рөлi артуда. 
      Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың аймақтық бағдарламалары қабылданып, iске асырылуда. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының объектiлерi желiсiнiң - бизнес-орталықтардың, бизнес-инкубаторлардың, технопарктердiң құрылуы жалғасуда. 
      Кәсiпкерлiктiң даму үрдiстерiн талдау олардың серпiндi-үдемелi сипаты бар екенiн және бюджеттi толтыру көзi ғана емес, әлеуметтiк шиеленiстi бәсеңдету факторы әрi халықты жұмыспен қамтамасыз ету негiзi де бола отырып, өзiнiң он жемiстерiн әкелiп отырғанын айғақтайды. 
      Сөйтiп, кәсiпкерлiк қабат экономикаға одан сайын тиiстi икемдiлiк берiп, оны дамытудың шешушi факторы болып қалыптасып келедi, алайда кәсiпкерлiк дамуының қазiргi жай-күйiн егжей-тегжейлi талдау бұл процестiң бiрмәндi еместiгiн айғақтайды. Бүгiн әлi де кәсiпкерлiктiң қалыптасуын тежеп отырған мынадай бiрқатар елеулi себептер бар, олар: 
      - шағын бизнестi қолдау инфрақұрылымының әлсiз жай-күйі; 
      - нормативтiк құқықтық негiздiң жеткiлiксiз жетiлуi; 
      - салық салу жүйесiнiң жетiлмеуi; 
      - несиелерге қол жеткiзудiң шектеулiлiгi және оларға қатысты жоғары құндылығы; 
      - кадрлар даярлаудың және шағын бизнестi ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесiнiң жоқтығы. 
      Орта тап рөлiн күшейту қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты арттырудың стратегиялық мiндетi болып табылады. Бұл мiндеттi шешу шағын кәсiпкерлiктiң қарқынды дамуы үшiн қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауды талап етедi. Шағын кәсiпкерлiк экономиканың нарықтық құрылымының қалыптасуына ықпал жасай отырып, бюджетке салық төлемдерi түсiмiнiң көлемiн ұдайы молайтып келедi. Шағын бизнестiң жаңа ұйымдары мен жұмыс орындарын құру арқылы халық жұмыспен қамтамасыз етіледi, тауарлар мен қызмет көрсету рыногы молықтырылады, өнiм сапасын көтеруге бағытталған бәсеке артады.

ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТIҢ НЕГIЗГI МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

      Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, бірінші кезекте, оны одан әрi тұрақты дамытуға, экономиканың нақты секторында шағын бизнестiң үлесiн арттыруға, жаңа жұмыс орындары санын өсiруге, қоғамның орта табының негiзi ретiнде меншiк иелерi бұқарасының рөлiн күшейтуге бағытталуы тиiс. 
      Осы кезеңде қабылданатын мемлекеттiк қолдау шараларының негiзгi айырмашылығы, ол кәсiпкерлiк секторын дамыту жөнiндегi бүгiнгi нормативтiк негiз шағын кәсiпкерлiк саласының жеткілiктi құқықтық қамтамасыз етілгенiн айғақтайтынына негiзделген. Қабылданып жатқан мемлекеттiк қолдау шаралары шағын кәсiпкерлiктiң серпiндi де сапалы дамуы үшiн жағдай жасайды. 
      Шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық нәтижесi бәсекелiк ортаны қалыптастыру және рынокты отандық тауарлармен және қызмет көрсетумен толтыру болып отыр әрi орта және iрi бизнес үшiн "сiңiмдi орта" болып табылады. Шағын бизнестiң саяси нәтижелерi қоғам тұрақтылығының негiзi ретiнде орта тапты қалыптастыруға негiзделген. 
      Қол жеткен оң үрдiстердi бекiту және кәсiпкерлiктi дамытуға кедергі проблемаларды жою мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша бiрқатар iс-шараларды жүзеге асыру қажет: 
      құрылып жатқан шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының пайдаланылу тиiмдiлiгiн арттыру; 
      шағын кәсiпкерлiк қызметiн реттейтін нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру және iске асырылуына бақылау жасау; 
      қаржы-несиелiк және инвестициялық қолдау; 
      шағын кәсiпкерлiктi кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету. 
      Шағын кәсiпкерлiктiң табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың бiрi кәсiпкерлiк қызметтi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның жақсы дамыған және бiр қалыпты жұмыс iстейтiн бөлшектерiнiң болуы. 
      Шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қарқынды дамытуға бағытталған жүйе түзушi шаралар қалыптастыру мақсатында "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1543  P001543_ қаулысы қабылданды. Жабық акционерлiк қоғамның мiндеттерiне шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне тиiмдi ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкiндiк беретiн бiрыңғай республикалық ақпараттық желi құру, шағын кәсiпкерлiктiң дамуына мониторингтi жүзеге асыру және оларды қолдау жөнiнде неғұрлым пәрмендi ұсыныстар енгiзу кіредi. 
      Жоғарыда аталған акционерлiк қоғамның қызметi шағын бизнес субъектілерi неғұрлым аз игерген салаларды анықтаумен және осы бағыттарда кәсiпкерлiктi технопарктер мен аумақтық бизнес-инкубаторлар қызметiн жандандырумен бiрге дамытуды ынталандыруға бағытталған шешiмдер қабылдаумен тығыз байланысты болады. Соңғылары жергілiктi еңбек және шикiзат ресурстарының, пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жабдықтардың болуын ескере, кәсiпкерлiктiң аймақтық дамуында теңгерiмділiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бере отырып, құрылуы тиiс. 
      Шағын бизнестi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттарының бiрi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердiң орындалуына тиiмдi бақылау жасау, кәсiпкерлердiң құқықтық сауаттылығын көтеру, дауларды шешу практикасын жетiлдiру жолымен қамтамасыз етiлуi мүмкiн қолайлылық тудырудың құқықтық режимiн орнату болып табылады. 
      Шағын кәсiпкерлiктi қаржы-несиелiк және инвестициялық қолдау мынадай тетiктердi пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады: 
      - мақсатты мемлекеттiк қарыздарды конкурстық негiзде тарту есебiнен екiншi деңгейдегi банкілердiң басым секторларға несие беруi; 
      - шағын бизнес субъектiлерiне, әсiресе өндiрiстiк қызметпен шұғылданушыларға екiншi деңгейдегi банкiлер берiп отырған несиелерге аймақтарда коммуналдық меншiк объектiлерiнен кепiлдiк қорларын қалыптастыру негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдарының кепiлдiк беру жүйесiн енгiзу және дамыту; 
      - өндірiс саласы мен қызмет көрсету саласындағы шағын кәсiпкерлік субъектiлеріне несие берудi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банкілердi ынталандыру тетiгiн әзiрлеу; 
      - көрсетілген мақсаттарға тиiстi жылдың республикалық бюджетiнде қаражат көзделген жағдайда, жобаларды екiншi деңгейдегi банкiлермен бiрлесе отырып, бюджеттiк ортақ қаржыландыру; 
      - ауыл шаруашылық несиелiк одақтар жүйесiн құру. 
      Мемлекеттiк қолдаудың пәрмендi шараларының бiрi өндiрiс және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілері арасындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытудың осындай практикасы iрi компаниялардың шағын бизнес субъектiлерiмен кооперативтiк байланыстарын кеңейту және олардың өнiмнiң (жұмыстар, қызмет көрсету) белгiлi бiр түрлерiн өндiрiске тарту жолымен мүмкiн болады.
      Көрсетiлген бағыттарда кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде саясат жүргiзу шағын кәсiпкерлiктiң, әсiресе экономиканың өндiрiс, жаңа құрылымдар салаларында инфрақұрылымды жетілдiру мен дамыту, кәсiпкерлiк кадрларын қаржылық, ақпараттық, ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету және даярлау негiзiнде одан әрi өсуi үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.

О Концепции развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 2001-2002 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2001 года N 77. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2008 года N 381.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 19 января 2001 года N 77 утратило силу постановлением Правительства РК от 23.04.2008  N 381 .

      В целях обеспечения дальнейшего устойчивого развития малого предпринимательства в производственной, инновационной и других сферах экономики Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Одобрить прилагаемую Концепцию развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 2001-2002 годы (далее - Концепция).
      2. Агентству Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса в соответствии с Концепцией разработать Государственную программу развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 2001-2002 годы.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                                        Одобрена 

                                        постановлением Правительства

                                            Республики Казахстан

                                        от 19 января 2001 года N 77

                                                    Концепция

           развития и поддержки малого предпринимательства 

              в Республике Казахстан на 2001-2002 годы

                               Введение
 

          Как известно, в странах с рыночной экономикой на государственном уровне не ставилась задача развития предпринимательства, поскольку оно сложилось естественным путем за сотни лет. В Казахстане же этот сектор экономики сформирован практически за считанные годы. 
      Реализация Государственных программ развития и поддержки предпринимательства в период с 1992 по 2000 годы заложила основы формирования и становления частного предпринимательства в Республике Казахстан.  K941727_   U984189_
        Мобильность экономики малого предпринимательства при относительно небольших инвестициях и риске позволило в сжатые сроки изменить и стабилизировать существовавшую ситуацию, в первую очередь, в сфере товарообращения. 
      Мощный импульс развитию малого предпринимательства в последние годы придали Указы Президента Республики Казахстан от 6 марта 1997 года N 3398  U973398_ "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства" и от 27 апреля 1998 года N 3928  U983928_ "О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности". 
       K972030_ Стратегия "Казахстан-2030" предусматривает создание благоприятных условий для активного развития малого предпринимательства и увеличения его удельного веса в различных отраслях экономики. 
 

                   Анализ состояния развития малого бизнеса 
 

        Меры государственной поддержки, законодательно представленные на начальном этапе реформ, сегодня дают свои результаты. Экономические показатели, характеризующие сферу малого предпринимательства, свидетельствуют о положительных тенденциях, складывающихся в этом секторе экономики. 
      Объем прибыли, уровень доходов работников, налоговые поступления свидетельствуют о высоких потенциальных возможностях субъектов малого предпринимательства относительно крупного производства. При снижении инновационной восприимчивости крупных организаций к высоким технологиям возрастает роль малых и средних, выпускающих наукоемкую продукцию. 
      Приняты и реализуются региональные программы развития и поддержки малого предпринимательства. Продолжает создаваться сеть объектов инфраструктуры поддержки малого предпринимательства - бизнес-центры, бизнес-инкубаторы, технопарки. 
      Анализ тенденции развития предпринимательства свидетельствует, что они имеют динамично-поступательный характер и приносят свои положительные плоды, став не только источником пополнения бюджета, но и фактором снижения социальной напряженности и основой обеспечения занятости населения. 
      Таким образом, предпринимательский уклад все больше придает экономике должную гибкость, становится решающим фактором ее развития, однако детальный анализ современного состояния предпринимательства свидетельствует, что этот процесс неоднозначен. На сегодня все еще имеется ряд серьезных причин, сдерживающих становление предпринимательства, такие, как: 
      - слабое состояние инфраструктуры поддержки малого бизнеса; 
      - недостаточное совершенство нормативной правовой базы; 
      - несовершенство системы налогообложения; 
      - ограниченность доступа к кредитам и их относительно высокая стоимость; 
      - отсутствие целостной системы подготовки кадров и информационной поддержки малого бизнеса. 
      Усиление роли среднего класса является стратегической задачей повышения политической, экономической и социальной стабильности в обществе. Решение этой задачи требует создания благоприятных правовых и экономических условий для интенсивного развития малого предпринимательства. Способствуя формированию рыночной структуры экономики, малое предпринимательство постоянно увеличивает объемы поступления налоговых платежей в бюджет. Путем создания новых организаций малого бизнеса и рабочих мест обеспечивается занятость населения, насыщается рынок товаров и услуг, возрастает конкуренция, направленная на повышение качества продукции. 
 

                      Основные цели и пути развития 
                     малого предпринимательства 
 

        Государственная поддержка малого предпринимательства должна быть направлена, в первую очередь, на создание условий для дальнейшего его устойчивого развития, увеличение доли малого бизнеса в реальном секторе экономики, рост количества новых рабочих мест, усиление роли массового слоя собственников, как основы среднего класса общества. 
      Основное отличие принимаемых мер государственной поддержки на данном этапе базируется на том, что существующая на сегодня нормативная база по развитию предпринимательского сектора свидетельствует о достаточном правовом обеспечении сферы малого предпринимательства. Принимаемые меры государственной поддержки создают условия для динамичного и качественного развития малого предпринимательства. 
      Экономический результат малого предпринимательства состоит в формировании конкурентной среды и наполнении рынка отечественными товарами и услугами и является "питательной средой" для среднего и крупного бизнеса. Политические результаты малого бизнеса заключаются в формировании среднего класса, как основы стабильности общества. 
      В целях закрепления достигнутых положительных тенденций и устранения проблем, препятствующих развитию предпринимательства, необходимо осуществить ряд мероприятий по следующим основным направлениям: 
      повышение эффективности использования создаваемой инфраструктуры поддержки малого предпринимательства; 
      совершенствование и контроль за реализацией нормативных правовых актов, регулирующих деятельность малого предпринимательства; 
      оказание финансово-кредитной и инвестиционной поддержки; 
      кадровое, научно-методическое и информационное обеспечение малого предпринимательства. 
      Одним из главных условий, определяющих успешное развитие малого предпринимательства, является наличие хорошо развитых и отлажено работающих элементов инфраструктуры, обеспечивающих предпринимательскую деятельность. 
      В целях формирования системообразующих мер, направленных на интенсивное развитие инфраструктуры поддержки малого предпринимательства, принято постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2000 года N 1543  P001543_ "О создании закрытого акционерного общества "Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству". В функции закрытого акционерного общества входит создание единой республиканской информационной сети, что позволит более эффективно оказывать информационную поддержку субъектам малого предпринимательства, осуществлять мониторинг за развитием малого предпринимательства и вырабатывать наиболее действенные предложения по их поддержке. 
      Деятельность вышеназванного акционерного общества будет тесно связана с выявлением сфер, наименее освоенных субъектами малого бизнеса, и принятием решений, направленных на стимулирование развития предпринимательства в этих направлениях, в совокупности с активизацией деятельности технопарков и территориальных бизнес-инкубаторов. Последние должны создаваться с учетом наличия местных трудовых и сырьевых ресурсов неиспользуемого производственного оборудования, позволяя обеспечить сбалансированность в региональном развитии предпринимательства. 
      Одним из основных направлений государственной поддержки малого бизнеса является установление правового режима благоприятствования для субъектов малого предпринимательства, который может быть обеспечен путем совершенствования и эффективного контроля за исполнением законодательных и иных нормативных правовых актов в регионах, повышения правовой грамотности предпринимателей, совершенствования практики разрешения споров. 
      Финансово-кредитная и инвестиционная поддержка малого предпринимательства будет осуществляться через использование следующих механизмов: 
      - кредитование банками второго уровня приоритетных секторов за счет привлечения целевых государственных займов на конкурсной основе; 
      - внедрение и развитие системы гарантирования местными исполнительными органами кредитов, предоставляемых банками второго уровня субъектам малого бизнеса, в особенности, занимающимся производственной деятельностью на основе формирования в регионах залоговых фондов из объектов коммунальной собственности; 
      - разработки механизма стимулирования банков второго уровня, осуществляющих кредитование субъектов малого предпринимательства в производственной сфере и сфере услуг; 
      - бюджетное софинансирование проектов, совместно с банками второго уровня, при условии, что средства на указанные цели предусмотрены республиканским бюджетом соответствующего года; 
      - создание системы сельскохозяйственных кредитных союзов. 
      Одной из действенных мер поддержки государства является размещение государственного заказа среди субъектов малого предпринимательства, работающих в сфере производства и оказания услуг. Дальнейшее развитие подобной практики поддержки малого предпринимательства возможно путем расширения кооперативных связей крупных компаний с субъектами малого бизнеса и привлечения последних к производству определенных видов продукции (работ, услуг). 

       Проведение политики по поддержке предпринимательства в указанных 

направлениях обеспечит создание условий для дальнейшего роста малого 

предпринимательства, особенно в производственной, инновационной сферах 

экономики на основе совершенствования и развития инфраструктуры, 

финансового, информационного, научно-методического обеспечения и 

подготовки кадров предпринимательства.

      (Специалисты: Умбетова А.М.,

              Польский В.Ф.)