"Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қазан N 1543

      "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi 2000 жылға арналған негiзгi iс-шараларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 20 маусымдағы N 923  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Шағын кәсіпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" (бұдан әрi - РАКО) жабық акционерлiк қоғамы оның жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен құрылсын. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201  қаулысымен .
      2. РАКО қызметiнiң негiзгi нысанасы: 
      шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
      шағын кәсiпкерлiк проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу; 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн ақпарат желiсiн құру және дамыту; 
      көрмелер ұйымдастыру; 
      шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымын (технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, оқу орталықтары мен инфрақұрылымның басқа да объектiлерiн) дамыту; 
      шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыс iстейтiн адамдарды оқытуды ұйымдастыру болып айқындалсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi РАКО-ның жарғылық капиталын 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестiң мемлекеттiк бағдарламасы" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қалыптастыру үшiн 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сома бөлсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      РАКО-ның Жарғысын бекiтсiн және мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      мемлекеттiк тiркеуден кейiн РАКО акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн. <*> 
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.12. N 996  қаулысымен .
      5. Астана қаласының әкiмi белгiленген тәртiппен РАКО-ны орналастыру үшiн қажеттi үй-жай бөлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шаралар қолдансын. <*>
       Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.12. N 996 қаулысымен.
      7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
      1) "Шағын кәсіпкерлiктiң республикалық ақпараттық-көрме орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 14 наурыздағы N 325  қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 наурыздағы N 325 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 шiлдедегi N 1039  қаулысы .
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады