Ғылым және ғылыми еңбектер мен ғылыми әдебиеттi басып шығаруды қамтамасыз ету саласындағы баспа базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.
2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнiң
2001 жылғы 20 қаңтардағы
N 88 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер
мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):
1) Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .