Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 № 8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Соттардың лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңнаманы дұрыс қолдануы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуді, қоғамның мемлекетке, оның институттарына деген сенімін нығайтуды, соттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тікелей қатысатын құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудың практикасын талқылай келіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы республика соттарының аталған санаттағы істерді негізінен дұрыс шешіп келе жатқанын және кінәлі адамдарға әділ жаза тағайындап отырғанын атап көрсетеді.
Сонымен қатар, соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жасаған адамдардың іс-әрекеттерін заң тұрғысынан дәрежелеуде елеулі қателіктерге жол беріп отыр, оның субъектілерін анықтауда бірыңғай практика жоқ, заңның кінәлі адамдарға жазаның түрі мен мөлшерін тағайындауда қатаң жеке-дара тұрғыдан қарау керектігі туралы талабы барлық істер бойынша сақтала бермейді.
Соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды әрдайым терең әрі жан-жақтылы анықтап отырмайды, қажет болған жағдайларда жеке қаулылар шығармайды.
Орын алған кемшіліктерді жою және аталған санаттағы істер бойынша сот қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтіретініне соттардың назары аударылсын, сондықтан осы санаттағы істерді дұрыс және өз уақытында қарау олардың құқықтық қорғалуын шынайы қамтамасыз етудің аса маңызды шарттарының бірі болып табылады.
2. Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 307-бабына ескертпелердің 5-тармағында қарастырылған қылмыстарды жасаған адамдар мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алған жағдайларда олар сыбайлас жемқорлық қылмыстары болып табылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен.3. ҚК 307-бабына ескертпелердің 1-4-тармақтарында көрсетілген адам сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектісі болып табылуы мүмкін.
Соттар жоғарыда аталған тұлғаларды өз мүддесі үшін әрекет жасату мақсатында оларға мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қайшы беретін жеке тұлғалардың да сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар субъектілерінің қатарына жататынын ескергендері жөн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен.4. Сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісін анықтаған кезде оның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға не оған теңестірілген лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын тұлға болып табылатыны ҚК 307-бабына ескерпелердің 1-4-тармақтарында, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңының 3-бабында белгіленген нормалардан туындауы қажет.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен.5. Қылмыстық қудалау органдары әрекеттерді сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға жатқызу туралы мәселе шешілуі үшін лауазымды тұлғалардың функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ мәртебесін растайтын мәліметтерді анықтауы және бұл туралы айыптауды тұжырымдау кезінде іс жүргізу құжаттарында көрсетулері қажет.
Соттар тұлғалардың кінәсі туралы мәселені шеше отырып, олардың қызметтік өкілеттіктеріне, олардың өз мәртебесін және соған байланысты мүмкіндіктерді пайдакүнемдік мақсатта пайдалануына қатысты мәселелерді жеткілікті түрде толық анықтаулары қажет.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен.6. Тұлғада ұйымдастырушылық - өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық функциялардың бар-жоғын анықтау "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына ескертпелерде белгіленген ережелерге негізделуі керек.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен.7. Мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алу деп, қылмыс субъектісіне жататын лауазымды тұлғаның ақысы төленуге тиісті әр түрлі қызметтерді ақысыз қабылдауын, не меншіктену үшін артықшылық құқық беретін жеңілдіктерді пайдалануын, құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізуін, санаторлық немесе туристік жолдамалардың, жол жүру билеттерінің, жеңілдетілген шартпен қарыздардың немесе кредиттердің берілуін және т.б. түсіну қажет.
8. Соттар, ҚК-нің K970167_ 311-бабында көрсетілген 2-Ескертуге сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның не соларға теңестірілген тұлғаның алғаш рет мүлікті, мүлікті иемдену құқығын немесе өзге де мүліктік пайданы сыйлық ретінде алуы, бұрын жасалған заңды іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда, егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, маңызы болмашы жағдай екендігіне байланысты, қылмыс болып табылмайтынын және тәртіптік немесе әкімшілік ретпен қудаланатынын ескерулері қажет.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен.9. (Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен).
10. (Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен).
11. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың аса қауіпті көрінісіне тұлғалардың осы қылмыстарды бір топ адам болып, қорқыту жолымен жасауын, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың, қылмыстық қауымдастықтардың құқыққа қайшы мүдделерін қанағаттандыру үшін олардан материалдық және өзге де игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында жасауын жатқызуға болады.
12. (Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен).13. Заңның сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға кінәлі деп танылған адамдарға жаза тағайындауға жеке-дара тұрғыдан келу туралы қағидасын соттар қатаң орындаулары қажет.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен.14. Кінәлі адамдарға жаза тағайындау кезінде соттар әр жағдайда белгілі бір қызметпен шұғылдану және белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түрінде жаза қолдану туралы мәселені талқылаулары қажет.
Соттар белгілі бір қызметпен шұғылдану және белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жазаның (ҚК-нің K970167_ 41-бабының бірінші бөлігі) мемлекеттік қызметте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында осындай қызметтерді атқарып отырған (атқарған) адамдарға және осындай қызметтерді атқармаса да сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған басқа сотталушыларға да қолданыла алатынын ескерулері қажет.
15. Белгілі бір қызметпен шұғылдану және белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза Қылмыстық кодекс бабының санкциясында жазаның басқа түрлерімен қатар міндетті түрде қолдануға жататын жаза ретінде көрсетілген жағдайларда, ол ҚК-нің K970167_ 55-бабында көзделген шарттар болған кезде ғана, үкімде қабылданған шешімнің дәлелі көрсетіле отырып қолданылады.
16. Сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаға жаза тағайындаған кезде оған мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындау туралы мәселені қарауы керек. Бұл ретте ҚК 51-бабына сәйкес, осындай тұлғаға оның меншігі болып табылатын мүлкін, сол сияқты қылмыстық жолмен алған не қылмыстық жолмен алған ақшаға сатып алынған, оның ішінде басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза қолданылатынын назарға алу керек.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 17 Нормативтік қаулысымен.17. Үкім қабылдау кезінде азаматтық талапты шешу туралы қылмыстық-іс жүргізу заңының талабын мүлтіксіз орындау қажет.
Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыспен тек мүліктік қана емес, сонымен бірге моральдық зиян да келтірілетінін ескеру қажет. Талапкерлердің қылмыстық сот ісін жүргізу барысында мәлімдеген талаптары ҚІЖК-нің Z970206_ 167-бабының талаптарына сәйкес шешілуге жатады.
18. Соттардың назары сыбайлас жемқорлық фактілерін жою жөніндегі сақтандыру-профилактика жұмыстарының маңыздылығына аударылсын. Осыған орай, істі қарау кезінде анықталған сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың жасалуына жағдай туғызып, республикадағы заңдылықтың жай-күйіне кері ықпал ететін, себептер мен мән-жайлар назардан тыс қалмауы қажет. Қажет болған жағдайларда, ҚІЖК-нің Z970206_ 387-бабына сәйкес, жеке қаулылар қабылдап, олар бойынша сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруіне әкелетін фактілерді жоюға арналған шаралар қабылдау қажет.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Жалпы отырыстың хатшысы,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы