Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикасы үшiн Арнайы бағдарламасы (бұдан әрi - СПЕКА) шеңберiнде Аймақтық консультативтiк комитеттiң бiрiншi сессиясын (бұдан әрi - бiрiншi сессия) 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен әзiрлеудi және 2001 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
2. Мынадай ұйымдық iс-шаралар жүзеге асырылсын:
1) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы (келiсiм бойынша) бiрiншi сессия делегацияларының мүшелерiн қабылдау, орналастыру және олар үшiн естелiк кәдесыйлар әзiрлеу жөнiнде қажеттi iс-шаралар жүргiзсiн, сондай-ақ СПЕКА бiрiншi сессиясына қатысушы мемлекеттер делегацияларының басшылары құрметiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан ресми қабылдау өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн;
2) Алматы қаласының әкiмi және Қазақстан Республикасы Президентiнің
Iс Басқармасы (келiсiм бойынша) бiрiншi сессия делегацияларына Алматы
қаласы әуежайының VIР-залы арқылы қызмет көрсетiлуiн және мәжілiс
залдарының безендiрілуiн, баспасөз мәслихатын қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Даниал Кенжетайұлы Ахметовке
жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.