Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикасы үшін Арнайы бағдарламасы шеңберiнде Аймақтық консультативтiк комитеттiң бiрiншi сессиясын әзiрлеу және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 ақпан N 211

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикасы үшiн Арнайы бағдарламасы (бұдан әрi - СПЕКА) шеңберiнде Аймақтық консультативтiк комитеттiң бiрiншi сессиясын (бұдан әрi - бiрiншi сессия) 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен әзiрлеудi және 2001 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      2. Мынадай ұйымдық iс-шаралар жүзеге асырылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы (келiсiм бойынша) бiрiншi сессия делегацияларының мүшелерiн қабылдау, орналастыру және олар үшiн естелiк кәдесыйлар әзiрлеу жөнiнде қажеттi iс-шаралар жүргiзсiн, сондай-ақ СПЕКА бiрiншi сессиясына қатысушы мемлекеттер делегацияларының басшылары құрметiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан ресми қабылдау өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Алматы қаласының әкiмi және Қазақстан Республикасы Президентiнің

 

Iс Басқармасы (келiсiм бойынша) бiрiншi сессия делегацияларына Алматы

қаласы әуежайының VIР-залы арқылы қызмет көрсетiлуiн және мәжілiс

залдарының безендiрілуiн, баспасөз мәслихатын қамтамасыз етсiн.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Даниал Кенжетайұлы Ахметовке

жүктелсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады