"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1992 жылғы 10 сәуiрдегi уран концентратын сатып алу-сату шарты бойынша Навои кен-металлургиялық комбинаты (Өзбекстан Республикасы, Навои қаласы) "Ньюкем Инк" корпорациясы үшiн (АҚШ, Коннектикут, Стэмфорд қаласы) 2001 жыл бойына жеткiзiлетiн 2300 тонна мөлшердегi уран концентратының (СЭҚ ТН коды 284410000) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалын қамтамасыз етсiн. Жөнелту кестесi және шекарадан өту бағыты қосымшаға сәйкес.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен уран концентратының Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитiне бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы
қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 10 ақпандағы
N 220 қаулысына
қосымша
2001 жылы табиғи уранды жөнелту
Кестесі
І тоқсан 530 тонна
қаңтар -
ақпан 250 тонна
наурыз 280 тонна
ІІ тоқсан 560 тонна
сәуір 186 тонна
мамыр 187 тонна
маусым 187 тонна
ІІІ тоқсан 600 тонна
шілде 195 тонна
тамыз 202 тонна
қыркүйек 203 тонна
ІV тоқсан 610 тонна
қазан 203 тонна
қараша 203 тонна
желтоқсан 204 тонна
Барлығы 2300 тонна
Тасымалдау 20 тонналық контейнерлерде темір жол көлігімен жүзеге
асырылады.
Шекаралық өту стансасы Шеңгелді-Өзеңкі (Қазақстан Республикасы).
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.