"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына "Кумтор Оперейтинг Компани" компаниясы (Қырғыз Республикасы, Бiшкек қаласы) үшiн 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 03/2001-НВ келiсiм-шарты бойынша қосымшаға сәйкес мөлшерде "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық темiр жол жүк қатынастары туралы келiсiмге және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитiне бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы
қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметінің
2001 жылғы 14 ақпан
N 226 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.14. N 1449
қаулысымен.
"Кумтор Оперейтинг Компани" (Қырғыз Республикасы, Бiшкек қаласы)
компаниясы үшін 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 03/2001-НВ
келiсiм-шарты бойынша "Нитро-Взрыв" (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы)
ашық акционерлiк қоғамы жеткiзетiн тауарлардың саны
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Тауардың аты ! Өлшем ! Саны ! Бірлігіне ! Жалпы бағасы АҚШ
N ! ! бірлігі ! ! бағасы ! долларымен
! ! ! ! АҚШ !
! ! ! ! долларымен!
---------------------------------------------------------------------------
1 ПДП - 600 ТУ килограмм 39991,2 3,15 125972,28
7276-002-
07510000-99
СЭҚ ТН коды
360200000
шашкалар
---------------------------------------------------------------------------
2. ! Шашкалар ПДП-600 ТУ ! Килограмм ! 39991,2 ! 3,5 ! 139969,2
! 7276-002-07510000-99 ! ! ! !
! ТН СЭҚ коды 360200000 ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
Жүкті алушы: "Кумтор Оперейтинг Компани" компаниясы.
Шекарадан өту станциялары: Елек-1 - Луговая (Ресей Федерациясы -
Қазақстан Республикасы - Қырғыз Республикасы)
Бағытталған станциясы: Жыл-Арық Қырғыз темiр жолы.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.