Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан" спорт сарайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының оны Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы спорт ғимараттарын, спорт жабдықтарын басқаруға және пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі