"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының Z990357_ 2-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 U010543_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1 және 2-қосымшаларға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2002-2004 жылдарға арналған индикативтiк жоспарының өлшемдерi (бұдан әрi - индикативтiк жоспардың өлшемдерi) және шикiзат тауарларына тұрақты әлемдiк есептiк бағалар мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі басқа орталық атқарушы органдармен бiрлесiп:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспары жобасының құрамына, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң әзiрленуi мен бекiтiлуi кезiнде олардың негiзiнде қазақстандық тауар өндiрушілердiң шикiзат тауарларын сатуының орташа бағасы және шикiзат секторынан түсетiн мемлекеттiк бюджеттiң оларға тиесi кiрiстерi есептелетiн, қазақстандық экспорттың елеулi үлесін құрайтын шикiзат тауарларына тұрақты әлемдiк есептiк бағалар бойынша көрсеткiштер енгiзiлсін;
2) индикативтiк жоспар өлшемдерiнiң мониторингiн жүзеге асыруды
қамтамасыз етсiн, оның нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының
Yкiметiн тоқсан сайын хабардар етсiн және қажет болған жағдайда
белгiленген тәртiппен нақтылауларды енгiзсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 наурыздағы
N 368 қаулысына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.09. N 784
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2002-2004 жылдарға арналған индикативтік жоспарының өлшемдері
___________________________________________________________________________
!2000 ж.!2001 ж.! Болжам
! есеп !бағалау!_______________________
! ! !2002 ж.!2003 ж.!2004 ж.
___________________________________!_______!_______!_______!_______!_______
ЖІӨ, млрд. теңге 2 596,0 2957,0 3230,2 3473,2 3704,0
алдындағы жылға, % 109,6 107,0 104,9 104,2 103,6
Тұтыну бағалары индексі, %
есебімен
жыл аяғына 109,8 106,8 106,5 105,9 105,8
бір жылға орташа 113,2 109,0 105,9 106,3 105,9
Теңгенің АҚШ долларына бағамы
жыл аяғына 145,4 150,5 157,7 164,4 168,9
бір жылға орташа 142,4 148,0 154,1 161,1 166,6
Өнеркәсіп өнімі көлемі,
алдындағы жылға, % 114,6 109,2 106,4 105,9 103,0
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің
көлемі, алдындағы жылға, % 96,7 100,8 102,8 102,9 103,0
Негізгі капиталға инвестициялар,
алдындағы жылға, % 129,4 124,0 120,0 118,0 112,0
Мембюджетке түсімдер, ЖІӨ-ге % 23,1 23,9 21,7 21,8 21,1
Кірістер, ЖІӨ-ге % есебімен 22,6 23,5 21,3 21,4 20,7
Салық түсімдері, ЖІӨ-ге, % 20,2 21,0 19,4 19,6 19,0
соның ішінде:
Ұлттық қорға түсімдер, ЖІӨ-ге % - 2,7 0,6 0,7 -
Салықтық емес түсімдер, ЖІӨ-ге, % 1,5 1,7 1,3 1,3 1,3
Капиталмен операциялардан кірістер,
ЖІӨ-ге % есебімен 0,9 0,8 0,6 0,5 0,4
Экспорт, млн. АҚШ доллары 9615,0 9740,0 9440,0 9360,0 9720,0
Импорт, млн. АҚШ доллары 6849,8 7 590,0 8 730,0 9 000,0 9 405,0
Мұнайдың әлемдік бағасы
(Brent қоспасы)
барреліне АҚШ доллары 28,2 25,0 21,5 20,0 19,0
Мұнайдың әлемдік бағасы
(Urals қоспасы)
барреліне АҚШ доллары 26,0 23,4 20,0 18,5 18,2
___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 наурыздағы
N 368 қаулысына
2-қосымша
Шикізат тауарларына тұрақты әлемдік есептік бағалары
_________________________________________________________________________
Тауардың атауы !2000 жылы !Өлшем ! Есептілік !2001-2005
!экспорт !бірлігі !_________________!жылдарға
!құрылымын.! !1999 жыл!2000 жыл!арналған
!дағы мен. ! ! ! !тұрақты әлем.
!шікті сал.! ! ! !дік есептік
!мағы (%) ! ! ! !бағалар
___________________________________________________________________________
Мұнай 44,3 тоннасына/ 86,2 153,4 140
АҚШ долл.
Газ конденсаты 5 тоннасына/ 41,4 102,6 90
АҚШ долл.
Тазартылған мыс 7,3 тоннасына/ 1 479,3 1 700,2 1 660
АҚШ долл.
Өңделмеген мырыш 2,2 тоннасына/ 787,2 853,7 870
АҚШ долл.
Тазартылған қорғасын 0,7 тоннасына/ 440 414,2 397
АҚШ долл.
Хромды рудалар мен 0,2 тоннасына/ 36,4 38,5 35
концентраттар АҚШ долл.
________________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.