Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның
депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; 1999 ж., N 10, 342-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен
отырысында Қазақстан Республикасының Президенті төрағалық етеді. Сенат пен
Мәжіліс отырыстарында Сенат Төрағасы мен Мәжіліс Төрағасы сайланғанға
дейін тиісінше Республика Президенті және Орталық сауда комиссиясының
Төрағасы төрағалық етеді.";
2) 7-бапта "жалпы" деген сөзден кейін "конституциялық" деген сөзбен
толықтырылсын;
3) 9-бапта:
1-тармақ "жалпы" деген сөзден кейін "конституциялық" деген сөзбен
толықтырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Парламенттің қаулыларына қол қояды.";
8-тармақ "жалпы" деген сөзден кейін "конституциялық" деген сөзбен
толықтырылсын;
9-тармақ "бойынша" деген сөзден кейін "жеке сипаттағы" деген
сөздермен толықтырылсын:
4) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Мәжіліс Бюросының құрамына біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайланған әрбір саяси партия фракциясының басшысы да кіреді.";
5) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Палаталар төрағалары және олардың орынбасарларын қоспағанда, Парламент депутаттары Палаталардың тек бір ғана тұрақты комитетінің құрамына кіреді.";
6) 12-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Парламенттік тыңдауларда қабылданған ұсынымдар заң жобаларын қарау кезінде ескеріледі.";
7) 15-бапта:
3-тармақ "Бұл ретте, заң актілерінің жобасын қарау мерзімі оны Мәжілісте тіркеген күннен бастап алты айдан аспауы тиіс." деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "Мұндай заң жобалары бойынша Үкіметтің қорытындысы Парламентке бір ай мерзімде ұсынылады." деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Заң жобасының бастамашысы ол қабылдағанға дейін заң шығару үрдісінің кез келген сатысында қайтарып алуға құқылы.";
8) 17-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша ", бұл парламенттің осы заң жобаларын Республикасы Президенті белгілеген рет-ретке сәйкес бірінші кезекті тәртіпте қарауы қажет екенін білдіреді. Мұндай заң жобаларын қарау мерзімі Парламентте бір айдан аспауы тиіс." деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "қарауы" деген сөзден кейін ", яғни қабылдауы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Шұғыл деп жарияланған заң жобаларын заң шығару бастамашылығы құқығының субъектісі Президенттің келісімінсіз кері қайтарып ала алмайды.";
9) 18-бапта:
1-тармақ "жалпы" деген сөзден кейін "конституциялық" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақта:
"жалпы" деген сөздің алдынан "Конституциямен белгіленген" деген сөздермен толықтырылсын;
"Мәжілісте жіберіледі." деген сөздерден кейін ", ол бір ай мерзімде қарайды. Сенат Мәжіліске жіберілген заң жобасын оған қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Заң жобасының келіспеушілік тудырған баптары бойынша келісім комиссиясы әзірлеген ұсыныстармен екі Палата да келісуі тиіс. Келісу рәсімдерінің мерзімі келісім комиссиясы құрылғаннан күннен бастап бір айдан аса алмайды.";
10) 19-баптың 3-тармағы "Осы" деген сөздің алдынан "Республика Президенті Парламент қабылдаған заңның Конституцияға сәйкестігі туралы Конституциялық Кеңеске жүгінгеннен басқа жағдайларда," деген сөздермен толықтырылып, "осы" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
11) 20-бапта:
2-тармақ "жалпы" деген сөздің алдынан "Конституциямен белгіленген" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
"жалпы" деген сөздің алдынан "Конституциямен белгілеген" деген сөздермен толықтырылсын;
"еңсерілді деп саналады." деген сөздерден кейін "Бұл ретте, егер Парламент заңның баптарының біреуін бұрын өзі қабылдаған редакцияда қуаттай алмаса, қарсылық тұтасымен еңсерілмеді деп саналады." деген сөздермен толықтырылсын;
"Егер Республика Президенті қабылданған заңның Конституцияға сәйкестігі туралы Конституциялық Кеңеске жүгінсе, бұл мерзім тоқтатылады." деген сөздермен толықтырылсын;
12) 23-баптың 1-тармағы "жалпы" деген сөздің алдынан "Конституциямен белгілеген" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 24-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Парламент депутаты қандай да болсын аманаты мандатпен, яғни сайлаушылардың аманатымен немесе тапсырмасымен, сайлаушылар алдында есеп берумен байланысты емес және Парламентте жалпымемлекеттік мүддені басшылыққа ала отырып, өз нанымы бойынша дауыс береді.";
4-тармақта:
"қабілетсіз деп танылған," деген сөздерден кейін "Қазақстан
Республикасының азаматтығын тоқтатқан, саяси партияның тізімі бойынша
депутат болып сайланған, саяси партия қайта ұйымдастырылған немесе
таратылған, саяси партияға мүшелігін тоқтатқан," деген сөздермен
толықтырылсын;
"жалпы" деген сөздің алдынан "Конституциямен белгілеген" деген
сөздермен толықтырылсын;
14) 29-баптың 1-тармағы "Бюролары" деген сөзден кейін "және
аппараттары" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.