Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 P001376_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта:
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Рогов Игорь Иванович - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, Комиссия төрағасы;
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi, Комиссия төрағасының орынбасары;
Шайманов Болат Елтайұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитет төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша), Комиссия мүшесi;
Сәрсеков Бексұлтан Сәрсекұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi, Комиссия мүшесі;
Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша), Комиссия мүшесi;
Сыздықбекова Әлия Тұрсынқызы - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Аппараты Заң бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi (келiсiм бойынша), Комиссия мүшесi;
мына жолдар:
"Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика вице-министрi, Комиссия мүшесi;
Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда вице-министрi, Комиссия мүшесi"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда вице-министрi, Комиссия мүшесi;
Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар вице-министрi, Комиссия мүшесi";
көрсетiлген құрамнан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде:
11-тармақтың 2) тармақшасындағы "Экономика" деген сөзден кейiн "және
сауда" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |