Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия
туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі
бюджеттік комиссия туралы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының Z990357_ 14-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2001 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын түзу жөнiндегi бюджеттiк комиссия құру туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 355 U000355_ Жарлығы, аталған Жарлықтың 4-тармағын қоспағанда;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 355 Жарлығына өзгерiстер енгiзу
туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 438
Жарлығы.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы "___"________
N ____ Жарлығына
қосымша
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі
бюджеттік комиссияның құрамы
Жандосов - Қазақстан Республикасы
Ораз Әлиұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Қаржы министрі, орынбасар
Өтембаев - Қазақстан Республикасының
Ержан Әбілхайырұлы Президенті Әкімшілігі Басшысының
орынбасары, орынбасар
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Қаржы вице-министрі, хатшы
Комиссияның мүшелері:
Аманбаев - Қазақстан Республикасының
Мұрат Ермұханұлы Премьер-Министрі Кеңсесі
Басшысының орынбасары
Ахметов - Қазақстан Республикасы
Даниял Кенжетайұлы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Бурлаков - Қазақстан Республикасының
Леонид Николаевич Парламенті Сенаты Аймақтық даму
және жергілікті өзін-өзі басқару
мәселелері жөніндегі комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Жәмішев - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы Қаржы бірінші вице-министрі
Ертілесова - Қазақстан Республикасының
Жаннат Жұрғалиқызы Президенті Әкімшілігі Басшысының
орынбасары
Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі
Қарақұсова - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Жанпейісқызы Парламенті Сенаты Экономика,
қаржы және бюджет жөніндегі
комитетінің төрайымы (келісім бойынша)
Келімбетов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Нематұлы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Экономика және сауда министрі
Әбдірахметұлы
Марченко - Қазақстан Республикасы
Григорий Ұлттық Банкінің төрағасы
Александрович
Рогов - Қазақстан Республикасының
Игорь Иванович Әділет министрі
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасы
Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрінің орынбасары
Тұрысов - Қазақстан Республикасының
Қаратай Тұрысұлы Парламенті Мәжілісі Қаржы және
бюджет жөніндегі комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Чиркалин - Қазақстан Республикасының
Иван Федорович Парламенті Мәжілісі Экономикалық
реформа және аймақтық даму
жөніндегі комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Школьник - Қазақстан Республикасы
Владимир Сергеевич Премьер-Министрінің орынбасары -
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы "___"_______
N____ Жарлығымен
Бекітілген
Тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру
жөнiндегi бюджеттiк комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi
қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссияның (бұдан әрi - Комиссия)
қызметiн реттейдi.
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi,
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ
осы Ереже құрайды.
2. Комиссияның мiндеттерi
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу және үш жылдық кезеңге арналған
мемлекеттiк бюджет жобасының негiзгi болжамды көрсеткіштерiн анықтау болып
табылады.
3. Комиссияның функциялары
4. Комиссия оған жүктелген мiндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген
тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған:
Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған
мемлекеттiк бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын
жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн;
алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн қарайды және анықтайды;
2) Комиссияның жұмыс органының Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң бекiтуiне оны енгiзуi үшiн шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн анықтайды;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi, оның ішiнде облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке алуларды;
республикалық бюджеттiң тапшылығын (профицитiн);
тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкiметтiк борыш лимитiн;
мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiн;
республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенцияларды;
республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнiсiнде республикалық бюджет шығыстарының және оны несиелендiрудiң бөлiнетiн лимитiн қарайды және анықтайды;
4) келiсуге енгiзiлген үш жылдық кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi бойынша Комиссияның жұмыс органы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасындағы келiспеушiлiктердi реттеу жөнiнде шешiм шығарады;
5) республикалық бюджеттiң жобасына енгiзу үшiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк бағдарламалар бойынша негiздемелерiмен белгiленген нысанда дайындалған шешiм шығарады;
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi енгiзген, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған, мақсаттарын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттердi және осы трансферттердiң есебiнен қаржыландырылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаларды алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасына енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
7) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының болжамды көрсеткiштерiн:
республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн;
республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджет шығыстарының және оны несиелендiрудiң көлемдерiн;
республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкiметтiк борыш лимитiн;
мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiн;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борыш лимитiн анықтайды және Комиссияның жұмыс органы республикалық бюджеттiң жобасын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу үшiн ұсыныстар әзiрлейдi;
8) Комиссияның жұмыс органы енгiзетiн өзге де мәселелердi қарайды.
4. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның мiндеттерiн іске асыру үшiн мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
2) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және ұсыныстар енгiзуге;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және басқа да
ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды
сұратуға және оларды алуға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшыларын, ал олар болмаған
кезде - бiрiншi басшының мiндетiн атқарушы тұлғаларды Комиссияның
отырыстарына шақыруға және тыңдауға құқығы бар.
5. Комиссияны қалыптастыру және оның қызметiнiң тәртiбi
6. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ұсынуы
бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады.
Комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi;
Парламенттiң депутаттары (келiсiм бойынша);
мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары және (немесе) олардың
орынбасарлары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бiрiншi басшысы және (немесе)
оның орынбасарлары енедi.
Қажет болған жағдайда Комиссияның құрамына басқа да тұлғалар
енгiзiлуi мүмкiн.
7. Комиссияның органдары:
1) жұмыс органы;
2) Комиссияның төрағасы;
3) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
4) хатшы.
8. Комиссияның отырыстары арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық
мәселелерiн Комиссияның жұмыс органы шешедi.
9. Комиссияның төрағасы оның қызметiн басқарады, Комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын төраға тағайындаған орынбасары орындайды.
10. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
11. Жұмыстың жоспар-кестесiн Комиссия анықтайды. Қажет болған жағдайда Комиссияның кезектен тыс отырыстары өткiзiледi.
12. Комиссия мүшелерiнiң отырыстарға қатысу жөнiндегi өздерiнiң өкiлеттiктерiн басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
13. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен, сондай-ақ комиссия мүшелерiне сауал қою жолымен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдау кезiнде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
14. Комиссия отырыстарының күн тәртiбi мәселелерiн қараудың нәтижелерi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң қорытындысын көрсете отырып, тиiстi хаттамаларға енгiзiледi және қажет болған жағдайда оларға отырысқа қатысқан Комиссияның мүшелерi бұрыштама қояды. Комиссияның қабылдаған
шешiмi Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Комиссияның мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, отырыстың
хаттамасына қоса берiлетiн өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге
құқығы бар.
15. Комиссияның шешiмдерi барлық мемлекеттiк органдардың мiндеттi
түрде қарауына және көрсетiлген мерзiмде орындауына жатады.
16. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Комиссияның жұмыс
органы болып табылады.
6. Комиссияның қызметiн тоқтату
17. Комиссияның қызметiн тоқтатуға:
1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
2) Комиссияның мiндетiн орындалмайтын не мәнсiз өтетiн өзге де
жағдайлар негiз болады.
18. Осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген, Комиссияның қызметiн
тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне
жасалған жұмыс туралы есеп-хат жiберiледi.
Комиссияның есеп-хаты:
1) Комиссия дайындаған қорытынды құжатты;
2) Комиссия өзiнiң қызметiн тоқтатуды қажет деп санайтын негiздердi
қамтиды.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.