1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері"
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 87 P010087_ қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті туралы ережеде: 12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) өзінің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;"; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: "19-1. Төраға және оның орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады."; 2) <*> Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен. P020039_ 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.