Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының
Z952368_
21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес квоталар белгілеу жолымен 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеу енгізілсін.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1515 қаулысымен.
P011515_
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулы күшіне енгенге дейін "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған квоталарды берудің тәртібі мен шарттары туралы" нұсқаулықты әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркесін.
3. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті қосымшада белгіленген квота шеңберінде жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуіне бақылауды жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулер енгізетіндігі туралы хабардар етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 6 сәуірдегі
N 457 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелу кезінде квоталанатын тауарлардың
тізбесі
Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1515 қаулысымен.
P011515_
Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.12.
N 894 қаулысымен.
P020894_
___________________________________________________________________
СЭҚ ТН коды ! Тауардың атауы ! 2002 жылға арналған квота
көлемі
___________________________________________________________________
жеңіл дистиляттар:
___________________________________________________________________
2710 00 110 қайта өңдеудің ерекше 1000 тонна
процестері үшін
___________________________________________________________________
2710 00 150 2710 00 110 кіші субпо. 200 000 тонна
зицияда көрсетілгеннен
басқа, процестердегі
химиялық түрлендірулер
үшін
___________________________________________________________________
арнайы бензиндер:
___________________________________________________________________
2710 00 250 басқалары 4000 тонна
___________________________________________________________________
2710 00 390 басқа да жеңіл 50 тонна
дистиляттар
___________________________________________________________________
орта дистиляттар:
___________________________________________________________________
2710 00 410 қайта өңдеудің 50 тонна
ерекше процестері
үшін
___________________________________________________________________
2710 00 450 27100 00 410 кіші суб. 50 тонна
позицияда көрсетілгеннен
басқа, процестердегі
химиялық түрлендірулер
үшін
___________________________________________________________________