Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулерді енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 457 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының  Z952368_  21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес квоталар белгілеу жолымен 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеу енгізілсін.
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1515 қаулысымен.  P011515_  
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулы күшіне енгенге дейін "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған квоталарды берудің тәртібі мен шарттары туралы" нұсқаулықты әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркесін. 
      3. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті қосымшада белгіленген квота шеңберінде жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуіне бақылауды жүзеге асырсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулер енгізетіндігі туралы хабардар етсін. 
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
      6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2001 жылғы 6 сәуірдегі
                                                 N 457 қаулысына
                                                     қосымша

              Қазақстан Республикасының аумағына
            әкелу кезінде квоталанатын тауарлардың
                            тізбесі

       Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1515 қаулысымен.  P011515_  
       Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.12.
 N 894 қаулысымен.  P020894_  

___________________________________________________________________
 СЭҚ ТН коды !      Тауардың атауы      ! 2002 жылға арналған квота
                                                   көлемі
___________________________________________________________________
              жеңіл дистиляттар: 
___________________________________________________________________
 2710 00 110  қайта өңдеудің ерекше       1000 тонна
              процестері үшін
___________________________________________________________________
 2710 00 150  2710 00 110 кіші субпо.    200 000 тонна
              зицияда көрсетілгеннен
              басқа, процестердегі
              химиялық түрлендірулер
              үшін
___________________________________________________________________
              арнайы бензиндер:
___________________________________________________________________
 2710 00 250  басқалары                    4000 тонна
___________________________________________________________________
 2710 00 390  басқа да жеңіл               50 тонна
              дистиляттар
___________________________________________________________________
              орта дистиляттар:
___________________________________________________________________
 2710 00 410  қайта өңдеудің               50 тонна
              ерекше процестері
              үшін
___________________________________________________________________
 2710 00 450  27100 00 410 кіші суб.       50 тонна
              позицияда көрсетілгеннен
              басқа, процестердегі
              химиялық түрлендірулер
              үшін
___________________________________________________________________

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады