Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана қаласында "Астана-Бәйтерек" монументін орнату туралы (бұдан әрі - Монумент) Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысына келісім берілсін.
2. Монументке тапсырыс беруші болып Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) белгіленсін.
3. Астана қаласының әкімі:
1) Тапсырыс берушімен келісім бойынша құрылыс кезеңінде монументті
орнатуға жер учаскесін бөлуді;
2) Монументті орнату жұмыстары басталғанға дейін инженерлік желілерді:
сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау және телефон тарту жұмыстарын
орындауды;
3) Монументті орнату аяқталғаннан кейін маңындағы аумақты көркейту
жөніндегі жұмыстар жүргізілуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.