Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымда
мемлекеттік реттеу жөніндегі кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және
айналымын мемлекеттік реттеу жөніндегі кейбір заң актілеріне
толықтырулар енгізу туралы
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын
мемлекеттік реттеу енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының заң
актілеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-бап. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17
сәуірдегі Заңының
9-бабының 1-тармағы мынадай редакциядағы 12-1)
тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) мұнай өнімдерін өндіру, сақтау және автомобиль жанар-жағар май
құю станцияларын пайдалану;".
2-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы
28 маусымдағы заң күші бар
Жарлығына:
1) 5-бап мынадай редакциядағы 6-1) - 6-5) тармақшалармен
толықтырылсын:
"6-1) мұнай экспорты мен импортын реттейді;
6-2) көліктің әр түрімен мұнайды тасымалдауға сандық шектеулер
(квоталар) белгілейді;
6-3) мұнай өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге
асыратын уәкілетті мемлекеттік органды белгілейді;
6-4) мұнай өндірудің және айналымының дерекқорын жүргізудің тәртібін
белгілейді;
6-5) қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды белгілейді".
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.