Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Рейтингтік жүйені енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 желтоқсандағы N
1892 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Рейтингтік жүйені енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметов - Қазақстан Республикасының Білім
Әшімжан Сүлейменұлы және ғылым вице-министрі
Нефедов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Петр Петрович және минералдық ресурстар
вице-министрі
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Бақытжан Әбдірұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті
қолдау жөніндегі агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары
"Жанәбілов Мият Саттарұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Аймақтық даму және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Жанәбілов Мият Саттарұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Аймақтық даму бөлімінің меңгерушісі, төрағаның орынбасары";
көрсетілген құрамнан Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы, Дүкенбаев Кенжемұрат
Дүкенбайұлы, Шоқпытов Андар Мәулешұлы шығарылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Осы қаулының орындалуын
бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Д.К.Ахметовке жүктелсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.