Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтыру енгізу туралы
1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат;
N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15,
281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N
10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195,
205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N
14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 жылғы 30 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 30 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы) мынадай толықтыру
енгізілсін:
58-баптың 1-тармағында:
"Осы баптың" деген сөздердің алдынан "Түсті және қара металдар
сынығының экспорты, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
"жағдайларды, сондай-ақ" деген сөздер "және" деген сөзбен
ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.