"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының Z000131_ 16-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебінен Алматы облысының әкіміне 530 (бес жүз отыз) миллион теңге, оның ішінде:
облыстық әкімият ғимаратын жөндеуге - 145 (жүз қырық бес) миллион теңге;
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратқа көшірілетін Талдықорған қаласының қалалық мемлекеттік органдарына жиһаз сатып алуға - 18 (он сегіз) миллион теңге;
Жансүгіров атындағы көшеде орналасқан Политехникалық лицейдің жатақханасын жөндеуге, қайта жаңартуға, сондай-ақ ол үшін жиһаз, жұмсақ мүкәммал және жабдықтар сатып алуға - 140 (жүз қырық) миллион теңге;
кемінде 200 пәтер сатып алуға және оларды жөндеуге 92 (тоқсан екі)
миллион теңге;
48 пәтерлі аяқталмаған екі үйдің құрылысын аяқтауға - 135 (жүз отыз
бес) миллион теңге бөлсін;
бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
2. Алматы облысының әкімі 2001 жылғы 1 маусымға дейін осы қаулының
1-тармағына сәйкес бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметіне тәптіштелген есеп тапсырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.