Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 484қбп Қаулысымен.
"Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргізу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiмен (келiсiм бойынша) бiрлесе отырып, мемлекеттiк құпияларды қорғауға жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар басшыларын аттестаттаудан өткізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар мен тесттерді бір ай мерзімде әзірлесін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 10 мамырдағы
N 619 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргізумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргізу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткiзу
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Ереже "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар (бұдан әрi - мемлекеттiк құпияларды пайдалану жұмыстары) жүргiзуге рұқсат алу үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға (бұдан әрi - ұйымдар) арнайы сараптама жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастыру мен жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн белгілейдi.
2. Арнайы сараптама жүргiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғауға арналған жағдайдың мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарына сәйкес келуiн анықтау мақсатымен жүзеге асырылады.
3. Ұйымдар басшыларын аттестаттау мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру үшiн аттестатталушының қажеттi бiлiмiн бағалау мақсатында өткiзiледi.
4. Арнайы сараптамалар жүргiзудi және ұйымдар басшыларын аттестаттауды мыналар жүзеге асырады:
мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қатысты; <*>
мемлекеттiк құпияларды қорғау саласында ұйымдарға арнайы сараптамалар жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттау бөлiгiнде қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға белгiленген тәртiппен рұқсат алған ұйымдар - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қатысты.
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.21. N 287
қаулысымен.
2. Арнайы сараптаманы жүргізу тәртiбi
5. Ұйымдарға арнайы сараптамаларды сараптама комиссиялары жүзеге асырады.
Сараптама комиссияларын мемлекеттiк құпияларды қорғаудың тиiстi салаларында құзыреттi және мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс істеуге қажеттi рұқсат нысаны бар мамандар арасынан осы Ереженiң 4-тармағында белгiленген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар құрады.
Сараптама комиссияларының құрамына уәкiлеттi органның, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерi кiруi мүмкiн.
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.21. N 287
қаулысымен.
6. Арнайы сараптама жүргiзу үшiн мүдделi ұйым арнайы сараптамалар жүргізуге рұқсаты бар ұйымға өтiнiш бередi. Арнайы сараптама өтiнiш берушi ұйым мен арнайы сараптаманы жүзеге асырушы ұйым арасындағы шарт негiзiнде жүргiзіледi.
Арнайы сараптама жүргiзу жөнiндегi шығыстар өтiнiш берушi ұйымның есебiне жатқызылады.
7. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар мен ұйымдар үшiн арнайы сараптамалар ақысыз жүзеге асырылады.
8. Ұйымдарға арнайы сараптамалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) құпиялылық режимiн қамтамасыз ету;
2) құпия iс қағаздарын жүргiзу;
3) мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғаудың жай-күйi;
4) шифрланған, құпияланған, кодталған байланыс.
Сараптама комиссиялары жұмысының басталу мерзiмдерi 5 күн бұрын ұйым басшылығына хабарланады.
9. Сараптама комиссиясы жұмысының нәтижелерi төраға бекiтетiн кесiммен ресiмделедi.
Арнайы сараптама кесiмiнде ұйымдардың мемлекеттiк құпияларды пайдалана отырып жұмыстарды жүзеге асыруға дайындығы (дайын еместiгi) туралы қорытынды берiледi.
Арнайы сараптама кесiмi мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен байланысты жұмыс жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органына өтiнiш жасаушы ұйымның өтінішін қарау материалдарына қоса тіркеледі.
10. Арнайы сараптамалар ұйымдардың мынадай шарттарды орындауға дайындығын бағалау жолымен жүргiзiледi:
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды орындау процесiнде көрсетiлген мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарын сақтау;
2) мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша арнайы дайындалған қызметкерлердiң қажеттi саны мен бiлiктілiк деңгейi;
3) мемлекеттiк құпияларды қорғаудың сертификатталған техникалық құралдарының бар болуы.
11. Ұйымдардың мемлекеттiк құпияларды пайдаланумен байланысты жұмыстарды орындау процесiнде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарын орындауға дайындығын бағалау мыналарды көздейдi:
1) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ құпиялылық режимiн ұйымдастыру құпия іс қағаздарын жүргiзу, мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау мен шифрланған байланыс жөнiндегi нормативтiк-әдiстемелiк құжаттардың бар болуы;
2) ұйым құрылымында мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшенiң, осы жұмыс үшiн арнайы дайындалған, бiлiктiлiк деңгейi мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарға сәйкес келетiн қызметкерлердiң қажетті санының бар болуы немесе құпиялылық режимiн қамтамасыз ету және құпия іс қағаздарын жүргiзу жөнiндегi мiндеттерді арнайы тағайындалған қызметкерге жүктеу туралы бұйрықтың бар болуы; * **
3) аттестатталған техникалық құралдардың және режимдi үй-жайлардың бар болуы.
12. Мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша арнайы дайындалған қызметкерлер саны мен бiлiктiлiк деңгейiнiң жеткiлiктiлiгiн бағалау олардың мынадай жұмыстар түрлерiн орындауға дайындығын тексерудi көздейдi:
1) күзетiлетiн мәлiметтердi, ұйымның және оның өндiрiстiк қызметiнiң жасырылуын ашатын белгiлердi анықтау;
2) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi техникалық қорғау жөнінде жұмыстар жүргiзу;
3) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң сыртқа шығу арналарын анықтау;
4) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғау жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу;
5) жұмыстардың барлық технологиялық циклы (өнiмдi әзiрлеу, дайындау және сынау) бойынша жұмыс орындарын аттестаттау;
6) шифрларды пайдалану, шифрлаушы техникаларды, құпияландыратын аппараттарды және кодтау техникаларын пайдалану;
7) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауда қолданылатын шаралардың орындалуын бақылау.
13. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғаудың сертификатталған техникалық құралдарының болуын бағалау құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын сертификаттаудың белгiленген рәсiмдерiнiң арнайы талаптарға сәйкес келуiн тексеруден тұрады.
________________________
* Техникалық құралдар - құпия ақпаратты өңдеу үшiн пайдаланылатын электронды-есептеу техникасы құралдары, байланыс, дыбыс жазу, дыбысты күшейту және дыбыс жаңғырту құралдары, теледидар және сөйлесу қондырғылары, құжаттарды дайындау мен көбейту құралдары, өрт және күзет дабылы құралдары, электрмен жабдықтау жүйелерi және басқа да жүйелер мен құралдар.
** Режимдiк үй-жай деп құпия ақпаратты өңдеу мен берудің техникалық құралдары орнатылған үй-жайлар, құпия мәселелер жөнiнде кеңестер мен келiссөздер жүргiзуге, сондай-ақ құпия материалдарды сақтауға арналған үй-жайлар түсiніледi.
3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi
қорғауға жауапты ұйымдар басшыларын аттестаттауды
ұйымдастыру және өткiзу
14. Ұйым басшыларын аттестаттауды ұйымға арнайы сараптама жүргiзу үшiн құрылатын сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
15. Аттестаттаудан мемлекеттiк органдардың саяси мемлекеттiк қызметшi болып табылатын басшылары босатылады.
16. Аттестаттау тест әдiсiмен жүргiзiледi.
17. Аттестатталушы мыналарды бiлуге тиiс:
1) құпиялылық режимiн қамтамасыз ету, құпия iс қағаздарын жүргiзу, мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғау мен шифрланған байланыс жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негiзгi талаптары;
2) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру тәртiбi.
18. Ұйым басшыларын тесттен өткiзу нәтижелерi өтiнiш жасаушы
ұйымдардың өтiнiштерiн қарау жөнiндегi материалдарға қосып тiркеледi.
19. Ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етуге жауапты аттестатталған басшысы атқарып келген қызметінен босатылған ретте, жаңадан тағайындалған басшы ол қызметке тағайындалғаннан кейін бір айлық мерзімнен кешікпей аттестаттаудан өтуі тиіс.
20. Осы Ереженiң атқарылуын бұзғаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн өтiнiш берушi ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Ұйымдарға арнайы сараптаманы және олардың басшыларын аттестаттауды жүзеге асырушы мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.