Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде офицерлік лауазымдар жинақталымының толықтырылмауына байланысты және "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының Z939000_ 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет
өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы
офицерлер 2001 жылы үш жыл мерзімге әскери қызметке заңнамада белгіленген
тәртіппен шақырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Баспасөзде жарияланбайды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 мамырдағы
N 646 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымша мәтіні берілмеген, себебі "Баспасөзде жарияланбайды"
белгісімен келіп түскен нормативтік актілер Деректер
Базасына енгізуге жатпайды.