Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шеңберінде көлік саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 2001 жылғы 17-18 мамырда Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісін өткізсін.
2. Орталық атқарушы органдар қоса беріліп отырған Іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісін өткізуін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 17 мамырдағы
N 650 қаулысына
қосымша
Астана қаласында 2001 жылғы 17-18 мамырда Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің
ХХІ мәжілісіне дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
_______________________________________________________________________
Р/р ! Іс-шаралар ! Орындау мерзімі! Жауапты
N ! ! ! орындаушылар
_______________________________________________________________________
1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 2001 жылғы ҚР ККМ
қатысушы мемлекеттердің Көлік 16 мамыр
үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісіне
дайындық және оны өткізу жөніндегі
ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз
ету
_______________________________________________________________________
2 Делегациялардың әуежайдағы, жүру 2001 жылғы ҚР ІІМ
бағыты бойынша қауіпсіздігін, 16-19 мамыр
барған орындарында және мәжіліс
жұмысы кезінде кеңесті өткізу
барысында қоғамдық тәртіпті сақтауды
қамтамасыз ету
_______________________________________________________________________
3 Мәжіліске материалдар дайындау 2001 жылғы ҚР ККМ
(күн тәртібіне сәйкес) 16 мамыр ҚР ІІМ
_______________________________________________________________________
4 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 2001 жылғы ҚР ККМ
қатысушы мемлекеттердің Көлік 1 маусым
үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісінің
өткізілуі туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметіне есеп
беру
_______________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.