Астана қаласында 2001 жылғы 17-18 мамырда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 мамыр N 650

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шеңберінде көлік саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 2001 жылғы 17-18 мамырда Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісін өткізсін.
      2. Орталық атқарушы органдар қоса беріліп отырған Іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісін өткізуін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                        Қазақстан Республикасы



                                   Үкіметінің 2001 жылғы 17 мамырдағы

                                            N 650 қаулысына

                                                қосымша



 
 
        Астана қаласында 2001 жылғы 17-18 мамырда Тәуелсіз Мемлекеттер

 

      Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің    

   ХХІ мәжілісіне дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

_______________________________________________________________________

Р/р !         Іс-шаралар                ! Орындау мерзімі!   Жауапты   

   N !                                   !                ! орындаушылар

_______________________________________________________________________

1    Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына   2001 жылғы        ҚР ККМ

      қатысушы мемлекеттердің Көлік       16 мамыр 

      үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісіне

      дайындық және оны өткізу жөніндегі

      ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз

      ету

_______________________________________________________________________

2    Делегациялардың әуежайдағы, жүру    2001 жылғы        ҚР ІІМ

      бағыты бойынша қауіпсіздігін,       16-19 мамыр

      барған орындарында және мәжіліс  

      жұмысы кезінде кеңесті өткізу    

      барысында қоғамдық тәртіпті сақтауды

      қамтамасыз ету

_______________________________________________________________________

3    Мәжіліске материалдар дайындау      2001 жылғы        ҚР ККМ

      (күн тәртібіне сәйкес)              16 мамыр          ҚР ІІМ

_______________________________________________________________________

4    Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына   2001 жылғы        ҚР ККМ

      қатысушы мемлекеттердің Көлік       1 маусым

      үйлестіру кеңесінің ХХІ мәжілісінің

      өткізілуі туралы Қазақстан       

      Республикасының Үкіметіне есеп  

      беру

_______________________________________________________________________



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.   








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады