Орман өрттерін жою және олардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің орман өрттерінің алдын алу мен оларды жою бойынша жұмыстар жүргізуі үшін Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 89 000 000 (сексен тоғыз миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының
1-тармағына сәйкес бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды
қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігіне 2001 жылдың қорытындылары бойынша төтенше жағдайлардың алдын
алу және оларды жою жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемі мен құны
туралы есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.