"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Z980281_ Заңына сәйкес және "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) органдарын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қайрат Серікұлы Қырымовтың Қоғам Басқармасының төрағасы (Бас директоры) болып сайлануын;
2) Қоғамның Директорлар кеңесінің қосымшаға сәйкес құрамда сайлануын;
3) осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
2. Мыналардың:
"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 417 P000417_ қаулысының;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 417
қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001
жылғы 18 сәуірдегі N 506
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 25 мамырдағы
N 714 қаулысына
қосымша
"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық
акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар вице-министрі, төраға;
Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы"
ЖАҚ Басқармасының төрағасы (Бас директоры);
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда вице-министрі;
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының
орынбасары;
Қырымов Қайрат Серікұлы - "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме
қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (Бас
директоры).
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.