Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын 2001 жылы оқулық әдебиетпен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырсын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.26. N 867
қаулысымен. P010867_
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір ай
мерзімде авторлармен мемлекеттік тапсырыс бойынша оқулық әдебиетті
әзірлеуге арналған шарттар жасау рәсімін Қазақстан Республикасының
авторлық құқық туралы заңнамасына сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.