Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерін оқулық әдебиетпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 мамыр N 739

      Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын 2001 жылы оқулық әдебиетпен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.26. N 867
               қаулысымен. P010867_
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір ай

 

мерзімде авторлармен мемлекеттік тапсырыс бойынша оқулық әдебиетті

әзірлеуге арналған шарттар жасау рәсімін Қазақстан Республикасының

авторлық құқық туралы заңнамасына сәйкес келтірсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады