Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциздер ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137
P000137_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Арақтар және физикалық көлемі 100 теңге/ 1,7 евро/ айрықша арақтар 1 литр 1 литр" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Арақтар және физикалық көлемі 40 теңге/ 1,7 евро/ айрықша арақтар 1 литр 1 литр"
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары