Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын
жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне
грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония
Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту"
жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан
Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің
арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы
2001 жылғы 26 қаңтарда Астана қаласында жасалған "Семей аймағында
медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония
Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы
ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Жұманазарова А.Б.