"Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 маусым N 774

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын

 

жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне

грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония

Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                                    Жоба


             Қазақстан Республикасының Заңы


     "Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту"

      жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан

      Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша

     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің

   арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы


     2001 жылғы 26 қаңтарда Астана қаласында жасалған "Семей аймағында

медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония

Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы

ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады