"Би - Логистикс" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 маусым N 807

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 2000 жылғы 12 қазандағы N 471  U000471_ Жарлығын соттардың қызметін қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды бөлігінде іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Би - Логистикс" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 
      2. Қоғам қызметінің негізгі мән-жайы: 
      Қоғамның қаржылық қаражатын тиімді пайдалануды арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу; 
      соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемаларын зерделеу және осы жұмыстарды ұйымдастыруға көмек көрсету; 
      шаруашылық қызметін жүзеге асыру және шарт бойынша заңды тұлғаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде өзге де шаралар қабылдау; 
      заңнамада белгiленген тәртiппен жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетiнiң шешiмi бойынша сот тәртiбiмен алып қойылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру болып айқындалсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 13 қаулысымен. 
      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Қоғамның жарғылық капиталын 100 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін. 
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      Қоғамның жарғысын бекітсін және мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін: 
      мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қоғам акцияларының Мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне берсін; 
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын. 
      5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын. 
      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  P990405_ қаулысына: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акциялардың мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-12-жолмен толықтырылсын: 
      "21-12 "Би - Логистикс" ЖАҚ"; 
      "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  P990659_ қаулысына: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі: 

       мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 241-жолмен 

толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі 

жөніндегі комитетіне

     241                         "Би - Логистикс" ЖАҚ".

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

           Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі

            Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Шарипова М.Е.

О создании закрытого акционерного общества "Би - Логистикс"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2001 года N 807

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года N 471  U000471_ "О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования" в части осуществления дополнительных мер по финансовому и материально-техническому обеспечению деятельности судов Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Создать закрытое акционерное общество "Би - Логистикс" (далее - Общество) со 100-процентным участием государства в его уставном капитале. 
      2. Определить основным предметом деятельности Общества: 
      разработку мер по повышению эффективного использования финансовых средств Общества; 
      изучение проблем материально-технического обеспечения судов и оказание помощи в организации этой работы; 
      осуществление хозяйственной деятельности и принятие иных мер по материально-техническому обеспечению юридических лиц по договору; 
      осуществление в установленном законодательством порядке деятельности по учету, хранению, оценке и реализации имущества, обращенного (поступившего) в республиканскую собственность по отдельным основаниям, а также арестованного имущества, изъятого в судебном порядке, по решению Комитета по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 6 января 2006 года N 13 .
      3. Комитету по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан обеспечить формирование уставного капитала Общества в размере 100-кратного месячного расчетного показателя. 
      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке: 
      утвердить устав и обеспечить государственную регистрацию Общества; 
      после государственной регистрации передать права владения и пользования государственным пакетом акций Общества Комитету по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан; 
      принять иные необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления. 
      5. Комитету по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан принять необходимые меры для реализации настоящего постановления. 
      6. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения: 
      в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405  P990405_ "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях": 
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением: 
      дополнить раздел "город Астана" строкой, порядковый номер 21-12, следующего содержания: 
      "21-12 ЗАО "Би - Логистикс"; 
      в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659  P990659_ "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности": 
      Перечень государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденный указанным постановлением: 
      дополнить разделом и строкой, порядковый номер 241, следующего содержания: 
      "Комитету по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан 
      241 ЗАО "Би - Логистикс" 
 

      7. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

      Премьер-Министр
     Республики Казахстан