Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Француз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Үкіметі арасындағы қаржыландыру туралы хаттаманы (Алматы қаласын сумен
қамтамасыз ету мен кәріз инфрақұрылымын қалпына келтіру және жаңғырту
жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан
Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Француз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Үкіметі арасындағы қаржыландыру туралы хаттаманы (Алматы қаласын
сумен қамтамасыз ету мен кәріз инфрақұрылымын қалпына келтіру
және жаңғырту жобасы) бекіту туралы
2000 жылғы 5 қазанда Астана қаласында жасалған Француз
Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы
қаржыландыру туралы хаттама (Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету мен кәріз
инфрақұрылымын қалпына келтіру және жаңғырту жобасы) бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Француз Республикасының Үкіметі
мен
Қазақстан Республикасының Үкіметі
арасындағы қаржыландыру туралы хаттама
Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ету үшін Француз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерін біріктіретін достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында осы Хаттаманы жасасуға уағдаласты.
1-бап - Қаржылық көмектің сомасы мен объектісі
Француз Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшiн басым жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметіне қаржылық көмек бөледi. Ең жоғары сомасы 27,440 миллион Евроны (жиырма жетi миллион төрт жүз қырық мың Евро) құрайтын бұл жеңiлдiктi несие осы Хаттамаға 1-Қосымшада айтылған жобаны iске асыру үшiн қажетті француз жабдықтарын және қызметтерді сатып алуды қаржыландырады.
2-бап - Жобаны қаржыландыру ережесі
1-Бапта айтылған жобаны қаржыландыру Францияның үкiметтiк заемының есебінен қамтамасыз етiледi. Осы жобаға жататын әрбiр келiсiм-шарттың бiрiншi аванстық төлемi көлiк шығыстары мен сақтандырусыз, қаржыландырылатын келiсiм-шарт сомасының 10%-ынан бастап 20%-ын құрайды.
3-бап - Қаржылық көмекті пайдаланудың шарттары мен ережесі
Францияның үкiметтік заемының мерзiмi - 16 жыл, оның 6 жылы жеңiлдiк болып табылады. Жылдық пайыздық ставка - 2,1%. Негiзгi сома 20 тең және тiзбектi жартыжылдық жарналармен өтеледi, оның үстiне бiрiншi жарғының мерзiмi қарыз алу жүргiзiлетін күнтізбелiк тоқсан бiткеннен кейін 78 ай өткен соң басталады; Пайыздар негiзгi борыштың қалған сомасына есептеледi; Францияның үкіметтік заемы бойынша әрбір тираждың күнінен бастап өседi және жылына екі рет төленедi.
Егер негізгі сома бойынша немесе пайыздар бойынша өтеу күні Франциядағы жұмыс істемейтін күнге келсе, онда ол одан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады. Негізгі сома бойынша немесе пайыздар бойынша кез келген өтеудің мерзімін ұзарту берешектің күнінен бастап және оны іс жүзінде төлеу күніне дейін мораторийлік пайызбен салық салуға әкеп соқтырады. Мораторийлік пайыз ставкасы француз заңымен белгіленген пайыздық ставка болып табылады, ол 2000 жылға арналған министрлік декретке сәйкес жылдық 3%-ға ұлғайтылған 2,74%-ды, яғни жылына 5,74%-ды құрайды. Егер осы мораторийлік пайыз бүкіл жыл бойы төленбеген болса, мораторийлік пайыздың өзіне жоғарыда келтірілген ставка бойынша пайыздар есептеледі.
Қолдану жөнiндегi келiсiмге Француз Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан және тапсырмасы бойынша "Натексис банк попюлер" арасында немесе Қаржы министрлігі уәкілеттік берген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін кез келген орган қол қояды. Онда Францияның мемлекеттік
заемын пайдалану және өтеу ережесі нақтыланатын болады.
Осы үкiметаралық хаттаманы іске асыруға байланысты барлық
келіспеушіліктер екi жақты дипломатиялық қарым-қатынастар шеңберiнде
шешiлетiн болады.
4-бап - Есеп айырысу және төлем валютасы
Осы хаттаманың негiзiнде есеп айырысу және төлем валютасы Евро болып
табылады.
5-бап - Заемды пайдалану
Қазақстан Республикасының Үкiметі түпкi заемшыға Француз Республикасы Yкiметінiң мемлекеттiк заемы ретiнде мерзiмi, жеңiлдіктi кезеңi және пайыздық ставкасы бойынша Евромен дәл сол сомаға және дәл сол шарттарда заем бередi.
6-бап - Хаттаманың есебінен қаржыландыруға келісім-шарттар қабылдау
Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Хаттаманың шеңберiнде қаржыландыруға қабылданған келiсiм-шарттар "Халықаралық коммерциялық мәмілелердегі шетелдік мемлекеттік қызметшілердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі туралы" 1997 жылғы 17 желтоқсандағы ӘЭДҰ Конвенциясы сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы халықаралық нормалармен айыпталатын ешқандай да тәжiрибенiң мән-жайы болып табылмауына мiндеттенедi.
Қосымшада айтылған жобаға қатысты әрбiр келiсiм-шартты Хаттаманың есебінен қаржыландыруға қабылдау мына төмендегілерге:
- келісім-шарттың тиісті жоғарыда аталған келісім-шартқа сәйкес келетін жобаның алдын ала бағалауының қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсынымдарға сәйкес келуіне;
- жобаның мемлекеттің қолдауын пайдаланатын экспорттық несиелерге қатысты ӘЭДҰ Келісімінде көзделген ережелерге сәйкестігін тексеруге;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан Францияның борышы мен үкіметтік заемдарының мерзімін ұзарту туралы келісімдер бойынша берешектердің және уақытылы емес төлемдердің болмауына;
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның мемлекеттік секторына берілген КОФАС кепілдік берген банктік несиелер бойынша немесе Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігі бойынша берешектердің және уақытылы емес төлемдердің жай-күйін талдауға байланысты.
Қосымшада айтылған жобаға қатысты әрбір келісім-шарт құзыреттi француз өкіметтері осы шарттар тиiстi негізде сақталғанын анықтағаннан кейiн Алматыдағы құзыреттi француз өкiметтерінің рұқсаттарымен және құзыреттi қазақстандық өкiметтермен әрекет ететiн Франция Елшiлiгінiң Экономикалық кеңесшiсi арасында хаттар алмасу арқылы оны Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға қабылдау рәсiмiнен өтедi.
7-бап - Францияның Үкіметтік көмегінің шекті мерзімдері
Жоғарыда келтiрiлген баптарда анықталған қаржылық көмектi алу үшiн француздық берушi мен қазақстандық сатып алушы қол қойған келiсiм-шарттар Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға ең кешi 2002 жылғы 30 сәуiрде қабылдануы тиiс.
Осы Хаттамамен берiлетiн, Францияның үкiметтiк қаржыландыруы бойынша тираждар 2005 жылғы 30 сәуiрден кешiктірмей жүргізiлуi тиiс.
8-бап - Салықтар мен баждар
Осы Хаттаманы орындауға байланысты қаржылық көмектің қаражаты Қазақстандағы салықтар мен баждарды төлеуге жіберілуі мүмкін емес.
Негiзгi сома бойынша өтеу және осы Хаттаманы iске асыруға байланысты пайыздарды төлеу Қазақстандағы салықтар мен баждардан босатылады.
9-бап - Жобаны ретроспективті бағалау
Француз Республикасының Үкіметі өз есебінен осы Хаттаманың есебінен қаржыландыруға қабылданған жобаның экономикалық, қаржылық және бухгалтерлік аспектілерін, атап айтқанда, оның Қазақстанның экономикасына әсерін бағалау үшін ретроспективті бағалауды жүргізе алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі, қалауы бойынша, зерттеулердің нәтижелерін тез алу үшін анықтау қажет ережеге сәйкес осы бағалауды жүргізуге қосыла алады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi өзіне Француз Республикасының Үкіметі жіберген бағалау миссиясын қабылдау және жобаға қатысты ақпаратқа оның қол жеткізуін жеңілдету міндеттемесін алады.
10-бап - Күшіне енгізу
Осы Хаттама:
- оған екi тарапта қол қойылғаннан;
- оны құзыретті қазақстандық өкiметтер бекiткеннен;
- "Алматы су" бiрлескен кәсiпорны мен Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкi немесе Халықаралық қаржы корпорациясы (Дүниежүзiлiк Банктiң тобы) арасында осы Хаттаманың 1-қосымшасында көрсетiлген жобаны бiрлесіп қаржыландыру үшiн кемiнде 5 (бес) миллион АҚШ долларына бара-бар сомадағы
Заем туралы келiсiмге қол қойылғаннан кейiн күшіне енедi.
ОСЫНЫ РАСТАУ ҮШIН осы үшiн тиiсiнше уәкiлеттік берiлген екi үкiметтiң
өкілдерi осы Хаттамаға қол қойды және оған өздерiнiң мөрлерiн қойды.
Төрт түпнұсқалық данада: екеуi француз тiлiнде және екеуi орыс
тiлiнде жасалды, бұл ретте француз тiлiндегі мәтiн - шынайы болып
саналады.
Француз Республикасының Қазақстан Республикасының
Үкіметi үшiн Үкiметi үшiн
1-қосымша
Осы Хаттама бойынша бөлiнетiн 27,44 миллион Евро сомасындағы француз көмегi тiршiлiкке бейімдi экономикалық шарттарда сумен жабдықтауды басқарудың берiлуiн қамтамасыз ету, сонысымен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін Алматы қаласын сумен жабдықтау және кәрiз инфрақұрылымын қайта жаңарту және жаңғыртудың бастапқы бағдарламасын француз фирмасының жеңiлдiктi шарттармен қаржыландыруына арналған.
Француз және қазақстан үкiметтерінiң арасындағы су секторындағы ынтымақтастық жөніндегі әр түрлi іс-шараларды жалғастыратын осы жоба 1999 жылғы 27 қарашада Алматы қаласы мен "Алматы су" бiрлескен кәсiпорнының отыз жылға "Contract for the Lеаsе, Investment and Operation of the Potable Water and Waste Water Facilities" деп аталатын келiсiм-шартқа қол қоюымен iске асырылған Алматы қаласы мен "Generale des Eaux" бiрлестiгi арасында ұзақ мерзiмдi әрiптестік орнатуға мүмкiндiк бередi.
Осы жоба тым болмағанда, 5 миллион АҚШ долларына бара-бар сомаға
Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң заемымен қосарлас қаржыландырылады
немесе оны Халықаралық қаржы корпорациясы қаржыландырады. "Алматы су"
бiрлескен кәсiпорнының осы заемды тартуы Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк кепiлдiгінiң берiлуiн талап етпейдi.
1-қосымша осы Хаттаманың ажыратылмас құрамдас бөлiгі болып табылады.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.