Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне "Алтай - Дунай" халықаралық археологиялық-этнологиялық экспедицияны өткізуге 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты
есебінен 8 000 000 (сегіз миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге
асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.