"Алтай - Дунай" халықаралық археологиялық-этнологиялық экспедицияны өткізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 маусым N 840

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне "Алтай - Дунай" халықаралық археологиялық-этнологиялық экспедицияны өткізуге 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты

 

есебінен 8 000 000 (сегіз миллион) теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге

асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады