Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң "Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 маусым N 842

      Қазақстан Республикасы Үкiметінің "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 және "Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнің "Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етіп оны қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
      1) Қоғамның жарғысын бекiтер кезде оның қызметiнiң негізгі мәнi мыналар деп белгілесiн: 
      жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау; 
      іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу; 
      2) Қоғам мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн белгiленген тәртiппен оның жарғылық капиталын, шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссияларын шығару жолымен, ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссияларын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін; 
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейiн акциялардың мемлекеттiк пакетiн жарғылық капиталдың 45 пайызы мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын;
      4) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне берсін;
      5) осы қаулыны iске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің             
2001 жылғы 20 маусымдағы    
N 842 қаулысымен        
бекітілген           

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдеріне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттеріне мемлекеттiк меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестiктердiң тiзбесiнде: 
      "Қарағанды облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-8-жолмен толықтырылсын: 
      "214-8. "Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетi" ЖАҚ". 
      3. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесінде: 
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-14-жолмен толықтырылсын:
     "222-14. "Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" ЖАҚ".
     4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.
 

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Жезказганский университет имени О.А. Байконурова" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 842

      В соответствии с постановлениями Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2000 года N 912 P000912_ "О Перечне республиканских государственных предприятий и учреждений, подлежащих приватизации в 2000-2001 годах" и от 18 августа 1999 года N 1191 P991191_ "Об утверждении Правил реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Реорганизовать Республиканское государственное казенное предприятие "Жезказганский университет имени О.А. Байконурова" Министерства образования и науки Республики Казахстан путем преобразования его в закрытое акционерное общество "Жезказганский университет имени О.А. Байконурова" (далее - Общество) со стопроцентным участием государства в уставном капитале.
      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      1) при утверждении устава Общества основным предметом его деятельности определить:
      подготовку и переподготовку высококвалифицированных специалистов;
      организацию и проведение фундаментальных и прикладных научных исследований;
      2) после государственной регистрации Общества в установленном порядке принять меры к увеличению его уставного капитала путем выпуска последующей эмиссии акций на сумму не более 25 процентов от общего размера выпущенного уставного капитала. Размещение последующей эмиссии акций произвести в соответствии с Правилами реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года N 1191 P991191_ ;
      3) после выполнения мероприятий, указанных в подпунктах 1), 2) настоящего пункта, осуществить продажу государственного пакета акций в размере 45 процентов от уставного капитала;
      4) передать Министерству образования и науки Республики Казахстан права владения и пользования государственным пакетом акций Общества;
      5) принять иные меры по реализации настоящего постановления.
      3. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

                                      Утверждены
                                      постановлением Правительства
                                      Республики Казахстан
                                      от 20 июня 2001 года N 842

          Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые
              решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      2. В постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 P990405_ "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности:
      раздел "Карагандинская область" дополнить строкой, порядковый номер 214-8, следующего содержания:
      "214-8. ЗАО "Жезказганский университет имени О.А. Байконурова".
      3. В постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 P990659_ "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в Перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "Министерству образования и науки Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 222-14, следующего содержания:
      "222-14. ЗАО "Жезказганский университет имени О.А. Байконурова".
      4. (Пункт 4 утратил силу - постановлением Правительства РК от 28 октября 2004 г. N 1111 )