Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Норвегия Корольдiгiне 2001 жылғы 2-4 сәуiрдегi ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-норвегия ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Норвегия Корольдiгiне 2001 жылғы 2-4 сәуiрдегi ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де
мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) және мүдделi ұйымдар Жоспарда
көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi кемiнде
тоқсанына бiр рет Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметiн хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 25 маусымдағы
N 855 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың
Норвегия Корольдігіне 2001 жылғы 2-4 сәуірдегi ресми сапары барысында
қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Іс-шара ! Орындау ! Орындалуына жауаптылар
N ! ! мерзімі !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
1 Қазақстан Республикасы мен 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
Норвегия Корольдігі арасындағы ішінде Қаржы министрлігі,
Табыс пен капиталға Қазақстан Республикасының
қосарланған салық салуды Мемлекеттік кіріс
болдырмау және салық төлеуден министрлігі,
жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының
конвенцияны бекіту Сыртқы істер министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Қаржы полициясы агенттігі
2 Қазақстан Республикасында 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
шағын және орта бизнес ішінде Табиғи монополияларды
саласындағы ынтымақтастықты реттеу, бәсекелестікті
дамыту: қорғау және шағын бизнесті
1) Норвегияның шағын және қолдау жөніндегі агенттігі,
орта бизнесті қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасының
тәжiрибесiн және Қазақстандағы Сыртқы істер министрлігі
кәсіпкерлікті дамытуға
норвегиялық көмекті тарту
мүмкіндігін зерделеу;
2) Қазақстан рыногын игерудi
жоспарлаған норвегиялық
кәсіпкерлерге жәрдемдесу
3 Мұнай-газ секторындағы 2001-2002 Қазақстан Республикасының
ынтымақтастықты жалғастыру: жылдар Энергетика және минералдық
1) Норвегия тарабын Қазақстанда ішінде ресурстар министрлігі,
жарияланатын жер қойнауын Қазақстан Республикасының
пайдалану құқығын алуға Сыртқы істер министрлігі,
арналған инвестициялық Қазақстан Республикасының
бағдарламалардың конкурстары Табиғи ресурстар және
туралы хабардар ету; қоршаған ортаны қорғау
2) мұнай-газ саласындағы министрлігі,
мемлекеттік реттеудің "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
норвегиялық тәжiрибесiн компаниясы" жабық
зерделеу жөнiнде қазақстандық акционерлік қоғамы
мамандар үшін семинарлар (келісім бойынша),
ұйымдастыру; "Мұнай және Газ көлігі"
3) Қазақстандағы мұнай ұлттық компаниясы" жабық
операцияларын және мұнай-газ акционерлік қоғамы
машиналарын жасауды қолдауға (келісім бойынша)
арналған инфрақұрылымды дамыту
бағдарламасын іске асыруға
норвегия компанияларының қатысу
мүмкіндігін зерделеу
4 Норвегияның Қаржы министрлiгімен Тұрақты Қазақстан Республикасының
және Банкiмен Мұнай Қорының негізде Ұлттық Банкі
жұмыс iстеу тәжiрибесiн зерделеу (келісім бойынша),
бөлігінде ынтымақтастықты одан Қазақстан Республикасының
әрі дамыту Қаржы министрлігі
5 Мұнай-газ саласындағы өзара 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
тиімдi ынтымақтастықты дамытудың екінші Энергетика және минералдық
тетігін анықтау мәселесі жөнінде жартыжыл. ресурстар министрлігі,
"Статойл" компаниясының дығы "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
өкілдерімен келіссөздер жүргізу компаниясы" жабық
мүмкіндігін пысықтау акционерлік қоғамы
(келісім бойынша)
6 Қазақстан Республикасының 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық үшінші Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi мен тоқсаны ресурстар министрлігі
Норвегия Корольдiгiнiң Мұнай
және энергетика министрлiгi
арасындағы Отын-энергетика
кешенi саласындағы
ынтымақтастық туралы өзара
түсіністік туралы меморандумға
қол қою
7 Трансазиялық темiр жол Тұрақты Қазақстан Республикасының
магистралінің Солтүстік дәлiзiн негізде Көлік және коммуникациялар
бiрлесіп пайдалану жолымен министрлігі,
транзиттiк-көлiктік салада "Қазақстан темір жолы"
ынтымақтастықты жолға қою республикалық мемлекеттік
мүмкіндігін зерделеу кәсіпорны
(келісім бойынша)
8 Қазақстан Республикасының 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
Үкiметі мен Норвегия ішінде Көлік және коммуникациялар
Корольдiгінiң Үкiметi министрлігі
арасындағы Әуе қатынасы туралы
келісімге қол қою
9 Қоршаған ортаны қорғау Тұрақты Қазақстан Республикасының
саласындағы ынтымақтастықты негізде Табиғи ресурстар және
одан әрі дамыту: қоршаған ортаны қорғау
1) Қазақстан Республикасының министрлігі,
аумағындағы бұрынғы ядролық, Қазақстан Республикасының
химиялық және бактериологиялық Энергетика және минералдық
полигондардағы табиғи ортаны ресурстар министрлігі,
оңалтуға жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының
2) теңіз айдынындағы мұнай Сыртқы істер министрлігі,
өндіру аудандарында қоршаған Қазақстан Республикасының
ортаны қорғау, Каспий жер ресурстарын басқару
теңізінің биологиялық әр жөніндегі агенттігі
алуандығын сақтау саласында
бірлескен бағдарламалар
әзірлеу мүмкіндігін зерделеу;
3) мұнай төгілуінің алдын алу
және оларға ден қою, өндіріс
пен тұтыну қалдықтарын кәдеге
жарату, қоршаған орта
мониторингі, экологиялық білім,
табиғатты қорғау
бағдарламаларын, атап айтқанда,
Каспий экологиялық бағдарламасын
іске асыру үшін инвестициялар
тарту жөніндегі іс-шараларды
жүзеге асыру
10 Балық аулау мен балық өңдеу 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
өнеркәсібі, кеме құрылысы ішінде Табиғи ресурстар және
және кеме қатынасы саласындағы қоршаған ортаны қорғау
ынтымақтастықтың мүмкін министрлігі,
бағыттары бойынша норвегия Қазақстан Республикасының
тәжірибесін зерделеу және Көлік және коммуникациялар
ұсыныстар әзірлеу министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда
министрлігі,
"Ақтау теңіз сауда айлағы"
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны
(келісім бойынша),
"Қазтеңізкөлік флоты"
ұлттық теңіз кеме қатынасы
компаниясы" жабық
акционерлік қоғамы
(келісім бойынша)
11 Халықаралық ұйымдар 2001-2002 Қазақстан Республикасының
шеңберіндегі ынтымақтастықты жылдар ішінде Сыртқы істер министрлігі,
дамыту: Қазақстан Республикасының
1) БҰҰ-ның Қауіпсiздiк Кеңесi Табиғи ресурстар және
шеңберiнде АӨІСШК шақыру, қоршаған ортаны қорғау
сондай-ақ Ауғанстандағы министрлігі
жағдайды реттеу жөніндегi
Қазақстанның бастамаларын алға
жылжытуға қатысты тараптардың
өзара іс-қимылы;
2) Арал және Семей
аймақтарындағы экологиялық
проблемаларды жою үшін
Норвегияның гуманитарлық және
техникалық көмегін тарту
мүмкіндігін пысықтау
12 Қазақстан Республикасының 2002 жылдың Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Норвегия ішінде Сыртқы істер министрлігі
Корольдiгiнiң Үкiметі
арасындағы Инвестицияларды
көтермелеу және өзара қорғау
туралы келiсiм жобасын дайындау
және оған қол қою
---------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.