Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы N 705
қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген
шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Алматы
облысының әкіміне Талдықорған қаласының шегінде Жансүгіров көшесі бойында
Қаратал өзеніндегі көпір ауданында жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуге
55 (елу бес) миллион теңге бөлінсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.