Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 P000108_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 39-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібінде:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) егер өтініш беруші Ұлттық компания болып табылған жағдайда;
2-2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығының 73-тармағында белгіленген жағдайда";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Барлаумен және/немесе Өндірумен байланысты емес Құрылысқа және/немесе жерасты құрылыстарын пайдалануға Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған Келісімшарттарды жасау жөніндегі тікелей келіссөздер объектілері болып табылады:
1) мұнай және газ, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерін сақтау орындары мен олардың резервуарлары үшін жерасты және топырақ қабатынан төмен тереңдетілген құрылыстары;
2) үш метрден артық тереңдікте салынған тоннельдер, метрополитендер, жерасты жыл өтпелері және инженерлік құрылыстар;
3) қорды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын қотаруға арналған құрылыстар;
4) қатты, сұйық қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен қоймаға салуға және ағын және өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызуға арналған қалдықтарды, шайындыларды сақтау орны болып табылады.";
21-тармақ бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурс өтпеген деп танылған жағдайда конкурстық комиссия инвестициялық бағдарламалар конкурсынан объектіні алуға немесе құзыретті орган айқындаған тәртіппен қайталама конкурс белгілеуге құқылы".
25-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен" деген сөздер "Экономика және сауда министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінде, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде" деген сөздер "Экономика және сауда министрлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қоршаған табиғи ортаны қорғау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, ал Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - оның аумақтық органдарымен;
Барлаумен және/немесе Өндірумен байланысты емес Құрылыс және/немесе
жерасты құрылыстарын пайдалану үшін жарамды жер қойнауын пайдалану, қорғау
және Қойнаулар учаскелерінің кенсіздігін анықтау мәселелері бойынша -
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің
Геология және жер қойнауын қорғау комитетімен, ал Кең таралған пайдалы
қазбалар бойынша - оның аумақтық органдарымен;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.