"Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281
қаулысына сәйкес және
Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң ұсыныстарын ескере
отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес темiр жол станциялары қайта аталсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес бөлек темiр жол пункттерiне атаулар берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 12 шілдедегі
N 945 қаулысына
1-қосымша
Қайта аталуға тиiстi темiр жол станцияларының тiзбесі
Павлодар облысы бойынша
Павлодар тасымалдау бөлiмшесiнiң Пограничник темiр жол станциясы -
Тасқұдық темiр жол станциясы;
Павлодар тасымалдау бөлiмшесiнiң Входной темiр жол станциясы - Бастау
темiр жол станциясы;
Павлодар тасымалдау бөлiмшесiнiң Ермак-грузовой темiр жол станциясы -
Ақсу-I темiр жол станциясы;
Павлодар тасымалдау бөлiмшесiнiң Ермак-Пассажирский темiр жол
станциясы - Ақсу-II темiр жол станциясы;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Семей тасымалдау бөлiмшесiнiң Конечная темiр жол станциясы - Дегелең
темiр жол станциясы.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 12 шілдедегі
N 945 қаулысына
2-қосымша
Жаңадан құрылған бөлек темiр жол пункттерiнiң тiзбесi
Жұмыскер бөлек темiр жол пунктi;
Құркөл бөлек темiр жол пунктi;
Көктөбе бөлек темiр жол пунктi;
Май бөлек темiр жол пунктi.
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.